1. М.Шаханов лирикасының көркемдік әлемін жазыңыз.
Лирика жанрын өркендетуде М.Шаханов тыңғылықты еңбек сіңіріп жүр. Халық өмірінің терең шындығын айқын да әдемі бейнелеген талай-талай туындылары қалың жұртшылықтың рухани серігі болуымен қатар, ұлттық әдебиетіміздің атын қорын үздіксіз молайтып отырады. М.Шаханов лирика жанрының барлық түріне қалам тартып жүрген ақын. Гетенің: “Өзіне дейінгі айтылғанды айтылмағандай етіп қайталау” дегені сияқты, Мұхтардың да таңдағаны бұрыннан мәлім – махаббат, табиғат, адамгершілік, азаматтық мораль тақырыптары бола тұра, ақын аталған тақырыптарға жаңа мазмұн, тың өрнек енгізген. Перзент жыры” өлеңінде туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасында перзент атынан ой тастайды. Туған жердің кімге болса да ыстық екені белгілі. Алайда, ол, кімді, нені болса да жатырқамайды өзіндегі бар болмысын сенің өмір сүруіңе жағдай жасаған. Осынысымен де ол ыстық, осынысымен де ол түсінген, түйсінген адамның шабытын қайрап жатады. Ол ұшы-қиырсыз кең де, қатал талап қоятыны, ағат кетсең аямай жазалайтыны да бар. Ол ұлы ма, кіші ме, кәрі ме, жас па – оған бәрі бір, жікке бөлмейді, алаламайды. Сол үшін де ол ыстық, содай әділдігі үшін де қалтқысыз ынтығасың, саясында болғың келеді. “Самолеттағы ой” атты өлеңі де сәтті жазылған туынды. Ақын туған жерге әрі биіктен, әрі қашықтан қарай отырып, туған жердегі болып жататын заттар мен құбылыстардың елеусіз байқалмай, танылмай қалыс қалатын ерекшеліктерін жеңіл, ұтымды түрде жеткізген.Алыстан бір қарағанда көзің тоятын, жақын келіп сөйлесе қалсаң, пікір алалығы көрініп тұратын кейбір арамыздағы азаматтарды тану үшін жазылған өлең екені белгілі. “Бір тегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар. Байқалмайды әжім-әжім қыраттар, Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар. Осы шумақтағы жыланы бар ұра да, әжімді қыраттар да, мөлдіреп жатқан бұлақтар да өз орнында қолданылып тұрған сияқты болып көрінгенімен, ақынның меңзеп отырғаны адамдар арасындағы көрініс екені даусыз.
2. М.Байсеркенов «Абылайдың ақырғы күндері» пьесасында халық азаттығы мен тәуелсіздік мәселесін көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |