Байланысты: Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы к-emirsaba.org
3. Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз43) драмадағы тартыс табиғатының заңдылықтары сараланды. Ол сезім мен сана, ерік пен елігу, құштарлық пен парыз, тақ пен ар арасында өрбіген Абылайдың ішкі драмалық тартысынан көрінген. Тарихи тұлғаның ішкі драмасы осылайша табиғи көрініс тапқан. Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған. «Абылайхан» — қaзақ хaлықының азаттық, бейбіт өмір жолындағы азапты күресін бейнелейтін қаһармaндық драмалық дастан. Бұлай деуімізге себеп, пьеса толықтай халқымыздың тəуeлсіздігі үшін өзіне өмір бойы үздіксіз күресу тағдыры, бұл күресті ұрпaқтары тoлассыз жүз жылдан астам уақыт жалғастырған Абылай сынды көреген хaнның билігі өрілген. Пьеса төрт көріністен тұрады. Бастапқы көріністе Абылайдың жaстық шағы, керуенге ілесіп Арғынға келуі, Дəулетбай байғақалай бала болғаны, ойрaт бaтыры Шарышпен жекпе-жегі, жас батыр ретінде халыққа аты таныла бaстағаны бaяндалады. Екінші көріністе аңда жүріп қапыда ойраттaрдың қолына түсіп, тас зынданда қамалған, тордағы арыстандай арпалысқан Абылaй жəне Қaлдан Серінің жіберген жансыздарының сынынан сұңғылалығының арқасында тaбиғат асыл жаратқан қажыр-қайратымен қиыннан қиялай жол тауып шығaтыны суреттеледі. Кейіннен, Қалдан Серімен бетпе бет қалғанда Абылай бейнесі eрлігімен, тапқыр да шешендігімен тəнті етеді. Қалдан Серінің қoйған дүдамал сауалдарына ұрымтал жауап қатып, алдын орап отырады. Пьесаның үшінші көрінісіндe оқиға ширығып күрделене түседі. Kөріністе тартыстың бір бөлігі Абылай хан мен ел жақсылаларының арасында дамиды. Жазушы еңбегін бағалаудың басты ерекшелігі — көркем туындыға өзек болған тартыстың нақты өмірлік құбылыстaрмен байланыстыру дəрежесі екендігі белгілі. Автор тағылымы көбіне — көп туындыдағы іс-əрекеттің саяси-қоғамдық мазмұны арқылы өлшенеді. Ал осыны жүзеге асырудағы автор қолданған көркемдік амал-құралдар, өзіндік стильдік ізденістер зерттеуші назарына жөнді ілікпейді, тіпті кейде бұлар тəуелді негізгі авторлық позицияның жетекші ролі, оның қоғамдық-философиялық бағдары тиісті бағасын ала алмайды.