3. Қазақ фантастикасы:кеше мен бүгін. Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастикаға тоқталаңыз. Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастика «Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары» деген тақырыппен кандидаттық диссертация қорғаған. Жалпы қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына өз үлесін қосудағы жазушы¬ның мақсаты – жастардың арманын асқақтатып, қиялдарын ұштау, бола¬шақ¬¬тың техникаларын, технология¬ларын меңгеруге жетелеу. Абдул-Хам¬ид Мархабаев фантастикалық жанрда 1959 жылдан бастап әңгіме-повестер жазған. Содан бері «Арал әуендері», «Жарылқаушы…», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», «Шаян планетасы,сен кінәлісің!» сияқты он-он бестей дүниелері жеке кітап болып шыққан. Осылардың ішінде біраз шығармалары «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағында орыс тілінде, Киевтегі «Молодь» баспасында украин тілінде, Кишинев қаласында «Литера¬тура артистика» баспасында молдаван тілінде жарық көрген. Ол орыс жазу¬шысы В.Михановскийдің «Шексіз¬дікке шеру» фантастикалық романын қазақшаға аударған. Сонымен қатар, америкалық он алты қиялгер жазушы¬ның шығармаларын тәржімалап, «Фантастикалық Америка әпсанасы» жинағына енгізді
.
емтихан билеті № ____54___
Махаббат тақырыбы, биік моральдық талап деңгейіне құрылған қазақ поэзиясы туралы жазаңыз.
Тәуелсіздің жылдарында жазылған повестер халық өмірінің кешегі күнін баяндайды. Бұдан өзге махаббат тақырыбы да қамтылған. Махаббатсыз адам өмірі қалай тұл болса, роман да онсыз өмір сүре алмаған.Өтпелі кезеңде елдің әл-ауқаты төмендеп, рухани құндылықтары арзандай бастаған. Осы уақытта қазақ әдебиеті асыл сезімді биікке көтеріп, халық санасына жарық сәуле сыйлауға тырысады.Әр жаңа уақыт әдебиетке өз тақырыбын ала келеді. Сөз өнерінің ежелден сіңісті тақырыптарына жаңа ырғақ, екпін қосады. Бірақ түп тамырымен өзгерте алмайды. Махаббат секілді мәңгілік тақырып әлемдік әдебиеттің барша кезеңінің, бар жанрының өзегі. “қыз, бозбала жиылмай, тойдың сәні келмейді” дейтіндей, махаббат боздақтарынсыз әдебиет сәні келмейді. Прозаның кесек жанрының “роман” аталуы оның асық жүректерді жырлайтын, ер әйелдің блекше жарастығын шертетін табиғатына мезгейді. “бұлардың арасында роман болған” деген тіркесті жиі естиміз. “махаббатсыз дүние бос”, - депті ұлы абай. Ғашық жүректердiңкүйдiм-жандымынсыз роман да бос. Махаббатсыз роман тұл. Жалынсыз бос сөз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бір әлеуметтік-экономикалық жүйенің екінші жүйені ауыстыруына дөп келді. Өтпелі кезең халық бұқарасына оңайға соққан жоқ. Ел тұрмысы құлдырай төмендеді. Тұрмыс тауқыметін тарту рухани құндылықтардың арзандауымен тiркестi. Зинақорлық деген кінәрат етек ала бастады. Міне, осы қиын-қыстау кезеңде қазақ әдебиеті ежелгі қымбат рухи асыл мұраттарынан көз жазып қалған жоқ. Махаббаттың ақ туын желбіреткен жаңа романдар бірінен кейін бірі жарық көргені айтылғанға толық дәлел. Қай заманның материалына жазылса да, махаббат тақырыбы ар-инабат, биік моральдық талап деңгейiнберiк ұстанған бағытынан жазбады.
Достарыңызбен бөлісу: |