Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


З.Қабдолов «Менің Әуезовім» романындағы тұлғалар бейнесін ашыңыз



бет27/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

2.З.Қабдолов «Менің Әуезовім» романындағы тұлғалар бейнесін ашыңыз.
1997 жылы жарыққа шыққан. Көлемі екі жүз жиырма бес беттен тұратын романның тақырыбы мен басты сюжеті қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаянына, тағдырына, қаламгерлігіне, ұстаздық қызметіне негізделіп жазылған көлемді прозалық туынды. Романда Мұхтар Әуезовтің жан дүниесі, болмыс-бітімі, ұстаздық еңбегі автор көзімен бағаланып, авторлық баяндаумен ашылады. Романның негізгі оқиғалық арқауы – М.Әуезовтің 1930-60 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық қызмет еткен кезеңінен бастау алып, шегіністер арқылы, кейіпкерлер диалогы арқылы ұстаздың осыған дейінгі тағдыр белестеріне де шолу жасалады.Роман-эссе кейіпкерлерінің бірі – ұстаз, екіншісі – шәкірт. Яғни, ұстаз – Мұхтар Әуезов, шәкірт – Зейнолла Қабдолов. Жазушы М. Әуезовтың университет аудиториясында оқу шеберлігін, шешендігін көрсетіп, лекцияның танымдық табиғатын, тәлімдік мәнін сипаттай отырып, ұстаз образын жасайды. Автор М. Әуезовтың ұстаздық еңбегін бірнеше қырынан көрсетеді: 1. Университет аудиториясында лекция оқуы; 2. Кафедрада оқыту мен ғылыми зерттеу жүргізудің бағыт-бағдарын барлау; 3. Шәкірттермен аудиториядан тыс жағдайда әңгіме-дүкен құрып, оларға ақыл-кеңес беру.
Бұл туындыны басқалардан оқшаулап тұрған ерекшелігі – дара тұлғаның ұстаздығы мен жазушылық қасиетін тоғыстыра отырып, қатар суреттей білуінде. Оған шығармадағы: “Әуезов кәдімгі қазақтың “сегіз қырлы, бір сырлы” дейтін кісілікті Кіші, Ұлы тұлғасы. Ол ұстаз ғана емес, жазушы әрі ғалым” – деген сөздері дәлел бола алады. Зейнолла Қабдолов осы аталған үш қырының ішінен ұстаздық және жазушылық қасиетін өзгешелеп, даралап көрсетеді. Зейнолла Қабдоловтың “Менің Әуезовым” роман-эссесінің өн бойында М. Әуезовтың санасы мен ғұмыры мен қызметінің өзара сабақтас ұстаздың және жазушының ұғымдары ерекше даралап көрінеді. Ал жалпы алғанда, бұл шығарма елдің өсер өркеніне халықтың ұлттық асыл құндылықтарын, қоғамдық сананың тазалығын сақтау, қорғау, өскелең ұрпаққа кінәратсыз тапсыруды ұсынған интелектуалды роман үлгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет