Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Таразидің «Ақын.Періште.Махаббат» пьесасындағы тартыс мәселесін айтыңыз



бет28/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

3. Ә.Таразидің «Ақын.Періште.Махаббат» пьесасындағы тартыс мәселесін айтыңыз.
М. Әуезов театры сахна- сында өнер адамдарының шығармашылығына арналған спектакльдер баршылық. Солардың тағы бірі Ә. Таразидің «Ақын...Періште...Ма- хаббат...» пьесасы – Мұқағали Мақатаевтың өмірі жайлы оқшау ойларға негізделген. Періште көңілді ақын өмірдің мəні – махаб- батты жырлап, артынан үлкен қазына тастап кетті. Сюжеттің арқауы болған негізгі оқиға желісі ақынның басындағы жеке өмірбаяндық драманы қоғам өмірімен ұштастыра отырып, шығармадағы көркем уақытты тұтастай дəуір келбеті деңгейінде бейнелейді. Сезімнің сан алуан пернелерін термелеп, көңіл əуенін, жан сарайындағы жалғыздықты жырға қосқан ақын, ел азаттығын аңсаған «бунтарь жігіт» – сюжеттік ыңғайда екеуі екі басқа адамдар болғанымен, идеялық-композициялық тұрғыда ақын тұлғасын екі қырынан танытуға ұмтылысты білдіретін өзіндік көркемдік шешім. Б. Құндақбайұлы айтқандай бұл қойылымдағы режиссерлік ой-тұжырым актерлік ойынмен шебер астасып, автордың ойы дəлме-дəл көр- сетілген.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ___18____
1. Поэзияда сыр-сезімге үні мен мұңын қосқандар- А.Бақтыгереева шығармашылығын талдаңыз.
Қанипа Бұғыбаева (1942–2004) - 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1963; Екінші дәптер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Қара торғай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Ару ана. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1973; Ана жыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Жыр және жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Қыз дәурен. Өлеңдер.А., «Жазушы», 1979; Менің дауысым. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Гүлдер көзін ашқанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Домбыра дәурен. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Қоңыр жел. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Шұғылалы шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қоштасқым келмейді. Өлеңдер. А.,»Жалын», 1995; Құс жолы. Өлеңдер. А., «Шартарап», 2001.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет