Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз



бет61/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

3.Ә.Кекілбаев «Абылай хан» пьесасындағы образдар мен тартыс мәселесін анықтаңыз.


Ә.Кекілбаевтың 1997 жылы жарық көрген “Абылай хан” драммасы тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған. Жалпы Қоғамда болып жатқан аумалы-төкпелі құбылыстардың күрт өзгеруімен қатар, қоғамда болып жатқан оқиғалардың алма кезек ауысуынан Абылай мен Шарыш арасындағы сайыстан, Абылай мен Топыш, Абылай мен Əмір Сана арасындағы қатынастардан сыртқы тартыс үдей түскен. Тұрақтылық пен өзгермелік арасындағы сапалық өзгерістердің драма табиғатына əсері қадағаланған. Хандық, елдік принциптерін бірінші орынға қойған хан образының жасалу ерекшелігіне көңіл аударылған. Пьеса төрт көріністен тұрады. Бастапқы көріністе Абылайдың жaстық шағы, керуенге ілесіп Арғынға келуі, Дəулетбай байғақалай бала болғаны, ойрaт бaтыры Шарышпен жекпе-жегі, жас батыр ретінде халыққа аты таныла бaстағаны бaяндалады. Екінші көріністе аңда жүріп қапыда ойраттaрдың қолына түсіп, тас зынданда қамалған, тордағы арыстандай арпалысқан Абылaй жəне Қaлдан Серінің жіберген жансыздарының сынынан сұңғылалығының арқасында тaбиғат асыл жаратқан қажыр-қайратымен қиыннан қиялай жол тауып шығaтыны суреттеледі. Кейіннен, Қалдан Серімен бетпе бет қалғанда Абылай бейнесі eрлігімен, тапқыр да шешендігімен тəнті етеді. Қалдан Серінің қoйған дүдамал сауалдарына ұрымтал жауап қатып, алдын орап отырады. Пьесаның үшінші көрінісіндe оқиға ширығып күрделене түседі. Kөріністе тартыстың бір бөлігі Абылай хан мен ел жақсылаларының арасында дамиды.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № _____41__
1. А.Әлімұлының «Сағыныш құс жолына түсіп кетті» топтама өлеңдеріндегі адамның тіршілігін жазыңыз.
2. З.Қабдолов «Менің Әуезовім» романындағы тұлғалар бейнесін ашыңыз.
3.Ә.Таразидің «Ақын.Періште.Махаббат» пьесасындағы көркем тартыс мәселесін сипаттаңыз.М. Әуезов театры сахна- сында өнер адамдарының шығармашылығына арналған спектакльдер баршылық. Солардың тағы бірі Ә. Таразидің «Ақын...Періште...Ма- хаббат...» пьесасы – Мұқағали Мақатаевтың өмірі жайлы оқшау ойларға негізделген. Періште көңілді ақын өмірдің мəні – махаб- батты жырлап, артынан үлкен қазына тастап кетті. Сюжеттің арқауы болған негізгі оқиға желісі ақынның басындағы жеке өмірбаяндық драманы қоғам өмірімен ұштастыра отырып, шығармадағы көркем уақытты тұтастай дəуір келбеті деңгейінде бейнелейді. Сезімнің сан алуан пернелерін термелеп, көңіл əуенін, жан сарайындағы жалғыздықты жырға қосқан ақын, ел азаттығын аңсаған «бунтарь жігіт» – сюжеттік ыңғайда екеуі екі басқа адамдар болғанымен, идеялық-композициялық тұрғыда ақын тұлғасын екі қырынан танытуға ұмтылысты білдіретін өзіндік көркемдік шешім. Б. Құндақбайұлы айтқандай бұл қойылымдағы режиссерлік ой-тұжырым актерлік ойынмен шебер астасып, автордың ойы дəлме-дəл көр- сетілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет