Байланысты: Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)
Ш. Мұртаза әңгімелеріндегі ұлттық характер көрінісін сипаттаңыз.
Бүгінгі қазақ драмасындағы дәстүр жалғастығы туралы айтыңыз.
XIII ғасырдан бастап күйзеліске ұшырағаны тарихтан белгілі. Этникалық тұтастанудың немесе жаугершіліктің нәтижесінде қалыптасқан Кіндік Азиялық империялар ұзақ уақыт мәдени өрісте өзінің қалпын сақтай алмады. Әртүрлі түріктік алғашқы дала империялары мен мемлекеттері, араб халифаты, Шыңғысхан империясы, Алтын Орда мен Ақсақ Темір мемлекеттері уақыт сынағынан өтпеді. Олардың құрамындағы халықтардың рухы күшпен енгізілген бірлік белдеуін үзіп тастады. Бұл процесті әртүрлі бағалауға болады. Қалыптасып келе жатқан этностар (қазақтар, өзбектер, түрікпендер ж.т.б.) тұрғысынан көшпелік империялардың ыдырауын қолайлы құбылыс деп те тануға негіз бар... Бірақ бұл ыдырау уақыты номадаларды қоршап тұрған отырықшы империялардың есін жинап, қарсы шабуылға көшуіне мүмкіндік берді. Ол Еуразияда жаңа геосаяси жағдайды тудырды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлік уақыты оның ұлт болып қалыптасуымен және өзіндік төл мәдениеттің пісіп-жетілуімен байланысты. Бұл кездегі мәдениет туралы түсініктер архетиптік уақыттың негізгі ерекшеліктерін жаңа мәдени хронотопқа байланысты жалғастырды. Осыған қатысты тағы бір пікір әдебиетте жиі келтіріледі: бұрынғы архетиптік түрік мәдениетінің басты құндылықтарын бойына толық сақтаған түріктік этностарға қазақтар, қырғыздар, ноғайлар, қарақалпақтар, қашқайлар, башқұрттар ж.т.б. жатады. Өйткені олар XX ғасырға дейін бұрынғы көшпелілік өмір салтын жалғастырған. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ халқының мәдениет туралы дәстүрлі түсініктерінің негіздері өзгерістерге көбірек ұшыраған басқа халықтар үшін архетиптік қызметі бар. Сонымен, Орталық Азияның және жапсарлас жатқан аймақтардың номадалары X—XIII ғасырларда өркениеттілік уақыт өрісіне тартылғанымен, кейін ыдырау және этностық қалыптасу кезінде уақыттың дәстүрлі түсініктерін қайтадан жандандырды. Яғни, дәстүрлік уақыт халықтық дүниетанымда фольклорлық уақыт арқылы бейнеленді.
3. Қазақ фантастикасы:кеше мен бүгін. Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастикаға тоқталаңыз. Фольклор мен жазба әдебиеттегі фантастика «Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен даму тенденциялары» деген тақырыппен кандидаттық диссертация қорғаған. Жалпы қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына өз үлесін қосудағы жазушы¬ның мақсаты – жастардың арманын асқақтатып, қиялдарын ұштау, бола¬шақ¬¬тың техникаларын, технология¬ларын меңгеруге жетелеу. Абдул-Хам¬ид Мархабаев фантастикалық жанрда 1959 жылдан бастап әңгіме-повестер жазған. Содан бері «Арал әуендері», «Жарылқаушы…», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Тосын ғарышхат», «Шаян планетасы,сен кінәлісің!» сияқты он-он бестей дүниелері жеке кітап болып шыққан. Осылардың ішінде біраз шығармалары «Молодая гвардия» баспасының жыл сайынғы «Фантастика» жинағында орыс тілінде, Киевтегі «Молодь» баспасында украин тілінде, Кишинев қаласында «Литера¬тура артистика» баспасында молдаван тілінде жарық көрген. Ол орыс жазу¬шысы В.Михановскийдің «Шексіз¬дікке шеру» фантастикалық романын қазақшаға аударған. Сонымен қатар, америкалық он алты қиялгер жазушы¬ның шығармаларын тәржімалап, «Фантастикалық Америка әпсанасы» жинағына енгізді