Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз



бет86/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Маңдай тер мен ауырған бел (тақтай болған жамбас)

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № ____69___
1. Ұ.Есдәулет шығармашылығндағы «Отан» тақырыбы туралы жазыңыз.
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы. Қазақ лирикасының кемелдену, толысу кезеңінде өзіндік үн қосып, өзгелерден дараланып, өзіндік қолтаңбасын анық танытатын ақынымыз – Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы ерекше құбылыс. Т. Медетбек айтқандай, «Ұлықбек Есдәулетов – үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принципті сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз. Оның образды ойлау жүйесі бүгінде кең ауқымдағы, кейде бүкіладамзаттық, кейде тұрмыстық характерлердегі ассоцияларды қамти алатын қабілетке ие. Бұл сөз жоқ, ақын масштабының кеңдігін, оның толысып өскендігін көрсетсе керек» [1, 22 б.]. 1973 жылы ақынның «Қанат қақты» жыр кітабындағы «Көздеріңе ғашықпын» жинағына алғы сөз жазған Қ. Мырзалиев Ұ. Есдәулеттің таланттылығын бағалап, «сөзі салиқалы, салмақты, иланымды» екенін өлеңдері арқылы дәлелдеп, «Жортқанда жолың болсын? // Жолдасың өлең болсын!», – деп баталы сөз айтқан еді. Қазақтың халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ұ. Есдәулеттің екі томдық таңдамалы шығармаларың 1-томында «Өркені өсер өнер, өрісі шалқар өлең» мақаласында ақынның шығармашылығы жайлы алғы сөзінде былай дейді: «Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» ескі ауылдың төсек қабы сияқты. Іздеген нәрсеңнің бәрін табуға болады. Бәрінен де жиырма ғасыр бойы талай қапысы кетіп, жиырма бірінші ғасырдың өзіне қапияда тап болып отырған қазақ тұрмысы мен қазақ жан дүниесінің талай табын таба аласыз, талай қатпарына үңіліп, ой жүгірте аласыз».
2. С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» пьесасын талдаңыз.
С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» пьесасы Ең әдемі келіншек» - сүйгеніне қосыла алмаған Гүлбаршынның қиын-қыстау ғұмыры туралы екі бөлімді лирикалық мұңға құрылған туынды. Гүлбаршын образы арқылы шын ғашығына қосыла алмаған әйел тағдыры бейнеленеді. Институт бітіргеніне 10 жыл өткеннен кейін достарын және 16 жасында ғашық болып, қосыла алмаған Алтайды көру үшін Алматының қонақ үйіне келіп тоқтайды. Секцияларға бөлінген бөлмесін шатастырып, ерлер бөлмесіне жайғасып отырады. Онда орын алған Абдолла деген жігітпен кездесе салып, оны достарына «күйеуім» деп таныстырады. Абдолла Гүлбаршынның өміріне ең бір ұмытылмас, жарқын сәттер сыйлайды. Сонда да ақыр аяғында, бұрынғы құдай қосқан қосағы, қызғаныштан ішімдікке салынған – Жиенбайға қайта оралады. Пьесаның негізгі идеясы – адамның шынайы махаббаты. Бір-бірінің адамшылық қасиеттерін қастерлеуге негізделуге тиіс екенін дәріптейді. Бұл пьеса арқылы С.Балғабаев қоғамдағы жанұя тәрбиесінің маңыздылығын, олардың іс-әрекетін шынайы көрсеткен. Заманымыздың ең өзекті мәселесі – отбасы бірлігінің сақталуы негізгі ой болып көзделеді. Қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік жағдай, өмір шындығының сан салалы мәселелері сөз болады. Расында да, бұл пьесада әншейінде күйкі тірлікпен жүріп мән бермейтін, күнделікті өмірде кездеспей тұрмайтын жайттар көрерменнің жүрегін қозғайды, ой салады және қазіргі заманның шынайы бейнесін ашады.
3. Ж. Бөдеш «Жалғыз» поэмасы шығармасындағы көркемдік таным мен шешімін табыңыз.
Ж. Бөдеш «Жалғыз» поэмасы шығармасындағы көркемдік таным мен шешім Бұл жалғанда кім жалғыз?» сұрағына оқырмандарын жетелеу арқылы ақын тарихи қайталанбас тұлғалардың даналығы мен даралығын көрсетіп, шығарманың бар болмысын ашады. Ж.Бөдеш «Жалғыздықты даралық, даналық деп түсіндіреді. Түптеп келгенде әр адам жалғыз дегенді ұғындырады. Бұл фәниге жалғызкелесің,жалғыз өзің кетесің Бұл поэмада көптеген заңғар тұлеаларымызды тілге тиек етіп олардың жалғыздығын түсіңдерген. Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы» деп айтқанындай, кейіпкерлердің тағдырлары, өмір сүрген уақыттары әртүрлі болғанымен, халқының рухани өсімінде атқарған мүдделерi ортақ екенiн алға тартады. Олар өнегелі өмір жолымен, дүниетанымымен, ұлтқа жасаған еңбегімен ғана емес, тұлғалық даралығымен ерекшеленді. Атадан алтау, анадан төртеу болып өскен Абайдың өзі <<Моласындай бақсының Жалғыз қалдым – тап Шыным!» деп aЙТЫП KeTKeH болатын. Оның жалғыздығының себебі: сөзді ұғатын саналы жандардың жоқтығы еді. Автор кейбір кейіпкерлерді топтастырып көрсетеді. Ақындықтың жолында Абай мен Мағжанды қатар алса, тәуелсіздік күресі жолында Махамбет пен Исатайды, Абылай мен Бұхар жырауды қатар ала отырып, тарих парақтарынан сыр шертіп өтеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет