Емтихан билеті №1



бет13/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

Теориялық: Қоғам дамуының негізгі салалары бойынша және оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерің анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудың стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап, бұқараны қимыл бірлігіне теориялық жағынан әзірлеу.

Идеологиялық: Еңбекші бұқара арсында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделеріңн ескере отырып өз бағытың қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту, т.с.с.
Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым дауысын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократилық патияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсақ кәсіпкерлер және т.б. қолдайтын. аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партилар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XXғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.



  1. Әлеуметтену және бірегейлік.

Адам көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады. Адамның мәнін қарастырмастан бұрын «адам», «индивид», «тұлға» түсініктерін қарастырып алайық. Адам – қоғамды құрушы, онда саналы іс-әрекет ететін, ойлай білетін, алдына мақсат қойып, оған жетуге тырысатын, барлық индивидтерге тән ортақ қасиеттер және ерекшеліктерімен сипатталатын тіршілік иесі. Индивид – биологиялық жолмен дүниеге келіп, әлеуметтік ортада өмір сүретін жеке адам. Тұлға – адамдардың әлеуметтік қасиеттерінің тұтастығы, индивидтердің қоғамдық дамуының және белсенді іс-әрекетпен араласу арқылы әлеуметтік қатынастар жүйесіне енуі.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттықэкономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады.
Ф.02.2007-05


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет