Емтихан билеті №1



бет9/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 5



  1. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.

Ертедүние

Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.


Ортағасырлық


А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.


Қайтаөрлеу


Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли, Джон Локк.


«Ағарту»

Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли,
Г.Мабли, Р.Н. Радишев.


Жаңа
және

жаңашауақыт

И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн,


Н.Чернышевский, А.ГерценВ.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин,
Қазақ ойшылдар

Қазіргізаман


Социал – демократиялық саяси доктринлар


Буржуазиялық саяси қырлары
Діннің саяси қырлары
Саяси экстремизмнің доктриналары




  1. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функиялары.

Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшінқаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастырухалықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді "бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды:
1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;
2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;
3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
М. Конвей көшбасшылардың топтарын бақылап үш көшбасшылық рөлді бөлді. Біріншіден, бұл көсем (топты «бағындыруға» тырысатын, бұл топ гипноздық жағдайда болады және көсем оны өзі таңдаған жол бойынша артынан ертуге тырысады-мысалы, Наполеон). Екіншіден, топ өкілі (халықтың ежелден қалыптасқан белгілі «дұрыс» пікірлерін білдіреді – мысалы, Т. Рузвельт). Үшіншіден, пікірлерді түсіндіруші (топ әзер түсінетін нәрсені алға қойып, сонымен әрекет етеді, әсіресе, оның жасырын қорқыныштары мен алаңдауларын).
Әдетте харизманы құрайтын екі бөлікті атау қабылданған. Біріншіден, қызықты, ерекше нәрсенің бар болуы, бұл ізбасушылардың эмоционалдық талқуын туғызады. Атап өтейік, мұндай көшбасшыға салқынқанды ешкім болмайды,оны немесе жақсы көреді немесе көре алмайды. М. Вебердің кезінен харизманың үш нұсқасы бөлінеді: харизма ішкі мәселелердің символдық шешімі ретінде, бөтен биліктен агрессия арқылы қорғану, көшбасшыға өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін атрибуттарды тағайындау.
Осылайша, ХХ ғасырдың бірінші жартысында типологиялар көшбасшыларды бір сәтте орындалатын функциясы бойынша да (өкіл, орындаушы), сол сияқты көшбасшылық стилі бойынша да (басым демократиялық) бөлген. Ең жетілген, қазіргі теориялар, негізінен, авторитарлы және демократиялық стильдерді зерттейді және оларды басқаша атайды: «мақсатқа бағытталған» және «тұлғаға бағытталған».



  1. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет