Әлеуметтанушылық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Саясаттануда әлеуметтанушылық әдісті қолданудың аса зор және маңызды практикалық мәні бар бұл әдіс шынайы саяси өмір фактілерін талдауға бағытталған нақты әлеуметтанымдық зерттеулердің әдіс-тәсілдерінің жиынтығы болып есептеледі. Әлеуметтанымдық әдістің батыс саясаттануында өте-мөте кең таралғанын айту керек. Батыстың саяси өмірінде әлеуметтанымдық зерттеулердің нәтижелерін іс жүзінде қолдануға бағытталған біршама дербес бағыт – қолданбалы саясаттану бағыты қалыптасқан.
Саяси өмірде әлеуметтік зерттеулер, олардың нәтижелері товар ретінде көрініс табады да, бұларға тапсырыс берушілер мен сатып алушылары биліктің орталық және жергілікті орындары, саяси партиялар, мемлекеттік мекемелер, жеке фирмалар болып табылатындығын айтқан жөн.
Шешім қабылдау әдісі. Ол шешім қабылдау орталығы; шешім қабылдау барысы; саяси шешім, оны өмірде жүзеге асыру. Бұл әдістің артықшылығы саяси көріністерді толық дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады; саяси шындықтың дамуын талдауды талап етеді; оқиғаның не себепті осы бағытта жүріп жатқандығы туралы сұраққа жауап береді; қабылданған шешімнің дұрыстығы анықталады; шешімді икемді түрде өзгертуге көмектеседі, басқа әдістерді жинақтайды.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар.
Теологиялық парадигма. Ол саяси ілімдер дамуының бастапқы кезеңінде, бүкіл әлеуметтік-саяси жүйе Құдай ретінде танылған кезде қалыптасты, ал билік, мемлекет Құдай құрған әмбебап әлемдік тәртіптің бөлігі ретінде ғана қарастырылды. Әрине, саясаттың табиғаты туралы мұндай түсіндіруді Ғылыми деп атауға болмайды. Бұл тәсіл әлемнің басқа әлем көздеріндегі сенім тұрғысынан түсіндірілмейтін сенім қағидаттарына негізделген.
Натуралистік парадигма қоғамдық шындықтың бірнеше түсіндірмелері бар деп болжайды. Осы тәсіл аясында жұмыс істейтін зерттеушілердің мақсаты - адамдардың өз шындықтарын әлеуметтік контексте қалай құратынын түсіну.
Натуралистік парадигма. Саясатқа натуралистік көзқарас негізінде оның жақтастары оның мәні мен табиғатын Әлеуметтік емес, табиғи сипаттағы факторларға сүйене отырып түсіндіруге тырысады. Оларға мыналар жатады: географиялық орта, адамдардың биологиялық және психикалық қасиеттері, климаттық жағдайлар, адамның нәсілдік ерекшеліктері және т.б. бұл идеялар тобының негізі ұтымды көзқарас болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |