Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет111/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

ТАҢДАМАЛЫ ШОҚПАРБАС

(Шоқпарбастар тұқымдасы)

Мәртебесі: Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Тек Алтай, Жоңғар Алатауы тауларында және Қазақ шоқыларының бір жерінде (Бурабайда) кездеседі. Қазақстан жерінен тыс Еуразияның орманды аймақтарында (Сахалинге дейін), Солтүстік және Оңтүстік Америка, Австралия және Жаңа Зеландияда кең таралған, Ылғалды мүк басқан шатқалдарда, шөгінді тастар арасында, биік таулы тасты тундраларда, сирек орманды белдеудің жоғарғы бөлігінде өседі. Көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдік, споралар арқылы және жоғарғы жапырақ қындарында орналасқан өскін бүршіктер арқылы көбейеді. Дәрілік өсімдік ретінде дайындалады, құрамында жансыздандыратын қасиеті бар улы селагин алкалоиды бар. Саны барлық жерде төмен, тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты азайып отыр. Мәдени өсіруте төзімсіз, тек Алтай ботаника бағында (Риддер қаласы) өсіріледі. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында, сонымен қатар Бурабай ұлттық паркінде (Синюха тауы) қорғалады.

ДӘРМЕНЕ

(Күрделігүлділер тұқымдасы)

Мәртебесі: сирек кездесетін, таралу аймағы тарылып бара жатқан, құрып кету қаупі бар түр. Тек Оңтүстік Қазақстан облысында (Сырдария өзенінің оң жағалау аңғары мен Қаратау жотасының жазықгығында кездеседі. Қазақстаннан тыс Өзбекстан мен Тәжікстанда (Түркістан, Кураминнің оңтүстік сілемі және Зеравшан жотасы) таралған. Тау аралық аңғарлар мен жазықтықтардағы сортаңды сазды және бекітілген құмды топырақтарда, кейде төменгі тау белдеуіндегі тасты беткейлерде өседі. «Дәрмене дәні» деп аталатын дәрілік зат өндірісі үшін жаппай дайындау, түрдің таралу аймағы мен санының қысқаруына әсерін тигізді. Негізінде мұның ашылмаған гүл себетінде сантонин болады. Ол медицина мен мал дәрігерлік ісінде іштегі құртты айдап шығаратын дәрі ретінде кең қолданған. ХП ғасырда Италия көпестері Орта Азия мен Каспий маңы даласынан жиналған бұл шикізатты сатқан болатын. 1883 жылы Орынбор көпесі Савинков Шымкентте сантонин зауытын салған болатын, онда ол «дәрмене дәні» мен таза сантонинді өндірді. XX ғасырдың 40-жылдары «Дәрмене» арнайы совхозы құрылды. Мұнда дәрмене 30 мың гектар жерді алып жатты. Қазіргі кезде дәрмене өсірілмейді, бІрақ оның қоры мен таралу аймағы қалпына келмеді. Қалғанын сақтау үшін жалпы көлемі 24000 га Ақдала, Жамбыл, Темір және Задарьинск қорықтары (4 ботаника қорығы) ұйымдастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет