Сұлулықтың символы саналатын гүлдер мен ағаштардың сиреген түрі сан алуан. Кеңес кезінде шыққан қызыл кітапқа еліміздің әр өңірінде өсетін өсімдіктердің 307 түрі енгізілсе, жаңа басылымда оның қатары 387-ге жетіпті. Оған қызғалдақтың 6 түрі, саңырауқұлақтың үш түрі, сәлдегүл, таушымылдық, шетен жидегі сынды жалпы саны 80 өсімдік енген.
Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.