Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет117/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172

Екінші басылым


“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда

  • балықтардың 16,

  • қосмекенділердің 3,

  • бауырымен жорғалаушылардың 10,

  • құстардың 58,

  • сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда

  • жәндіктердің 96,

  • шаянтәрізділердің 1,

  • ұлулардың 6,

  • құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Үшінші басылым

“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:



  • 1-категория – жойылып бара жатқан;

  • 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан;

  • 3-категория – сирек кездесетін;

  • 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген;

  • 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. “Қазақстанның Қызыл кітабының” өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда

  • жабықтұқымдылардың 288,

  • ашықтұқымдылардың 2,

  • қырыққұлақ тәрізділердің 3,

  • мүктердің 3,

  • саңырауқұлақтардың 10,

  • қыналардың – 1 түрі берілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет