БАТПАҚ ЖЫЛАНТАМЫРЫ
(Сүйсіндер тұқымдасы)
Мәртебесі: сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан түр. Қазақстанның солтүстігінде және шығыс пен оңтүстік тауларында — Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін кездеседі. Республика жерінен тыс Азия мен Еуропада кең таралған. Ылғал балшықты шалғыңдарда, қияқөлеңді саз балшықтарда, бұталар арасында және жағалаудағы жапырақты ормандарда өседі. Ұзын жатаған тамыр сабағымен және кәдімгідей биік сабағымен (70 см-ге дейін), көптеген сопақша жапырақтарымен ерекшеленеді. Ернінің қабыршақ тәрізді бөлігінен бөлінетін шырын, тозандандырғыш насекомдарға есірткілік әсер етеді. Оның ұйықтатын әсерінен (сондықтан «ұйықтатқыш» деп атайды) жабайы бал аралары мен аралар ұша алмай, тек гүлден гүдге жорғалап қозғалады. Осылай жаппай тозандандыруға жетеді, яғни 80% жеміс береді. Тұқымы жеңіл, ұсақ (әр жемісте 4500-ге дейін). Туыстың ең сонді өкілдерінің бірі, өте ертеден мәдени өсіріледі (III ғасырдан бері). Табиғаттағы саны батпақты жерлердің құрғауынан, өзеңдердің су тәртібінің бұзылуынан, малдың таптауынан және отаудан қысқарып отыр. Шағын популяциялары Ақсу-Жабағылы қорығы мен «Бурабай» ұлттық паркінде қорғалады.
КӘДІМГІ ЕМЕН
(Шамшаттар тұқымдасы)
Мәртебесі: Қазақстанда сирек кездесетін түр. Республиканың тек солтүстік-батысында Жайық пен Елек өзендері аңғарында кездеседі. Бұл еуропалық орман түрінің таралу аймағының шығыс шекарасы болып табылады. Өзен жайылмалары, жыралары мен сайларында шағын тоғайлар болып өседі. Емен ормандарының көлемі мен еменнің таралу аймағы Қазақстанда соңғы жүз жылдықта адамның шаруашылық әрекеттерінің әсерінен кәдімгідей қысқарып отыр. Қазіргі кезде Орал облысының солтүстігінде тек төрт жерден ғана, яғни Кирсаново, Беленькое, Аманкелді және Жайық маңы елді мекендерінен белгілі. Мәдени түрде, әсіресе Алматы қаласы мен Қазақстанның оңтүстігіндегі қалаларда кең таралған. Тұқымы арқылы көбейеді, өздігінен тұқым шашып та өседі. Кирсанов ботаника қорықшасында қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |