Емтихан сұРАҚтары «5В060900-«География»



бет4/172
Дата12.05.2022
өлшемі5,83 Mb.
#34063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172
Байланысты:
Өсімдік географиясы ответ

4. Жартасты таулар облысы. Гүлді өсімдіктерден эндемиктік тұқымдастар мұнда кездеспейді. Бірнеше ондаған эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар, олардың арасында жартысынан астамы монотипті (яғни тек бір түрден тұрады): тасжарғандар тұқымдастардан литофрагма(Lithofragma), сабынкөктер тұқымдастардан кордиланус (Cordilanthus), қоңыраугүлділер тұқымдастардан гитопсис (Githopsis) және т.б. Жергілікті түрлер түрлер өте көп, соның ішінде қылқан жапырақты (қарағай, шырша, майқарағай, балқарағай, тис, жалғантсуга, тсуга, арша, сауырағаш, каприсовик) кездеседі.


  1. Биогеография туралы түсінік. Ғылымының даму этаптары.

Биогеография (био... және география)- жер шарындағы әр түрлі биоценоздың, сондай- ақ жануарлар мен өсімдіктердің, микроорганизмдердің таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Биогеография екі салаға бөлінеді: организмдер географиясы (микроорганизмдер, жануарлар және өсімдіктер географиясы) және жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің жалпы географиясы (микробоценоз, фитоценоз және зооценоз географиясы). Биогеография биология және география ғылымдарымен байланысты.

Биогеография (көне грекше: βίος – өмір + γεωγραφία – география) — жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы; өсімдіктер мен жануарлардың және олардың бірлестіктерінің жер шарында таралуы мен олардың бөлектеніп мекендеу сипатын зерттейтін ғылым.

Биогеография ғылымының негізі 18 ғасырда қаланды. Оның дамуына экваторлық Африка, ОңтүстікАмерика, Азия елдерінің фаунасы мен флорасын зерттеу үшін жүргізілген экспедициялар мен сол кезеңнің жаратылыстанушылары — неміс ғалымы А.Гумбольдт пен ағылшын ғалымы А. Уоллестің, т.б. еңбектері негіз болды. Биогеография биоценоздар мен организмдердің таралу аймақтарын зерттей отырып, олардың көп түрлілігін тиімді пайдалану, аудандастыру, санын реттеу және қорғау мәселелерін қарастырады. Биогеография зерттеу бағыттары бойынша бірнеше салаға ажыратылады:



  • ареалогиялық биогеография Жер шарындағы әр түрлі организмдердің (түрлердің) таралу аймағын анықтап, олардың сол аймақтардағы орналасу ерекшеліктерін зерттейді, соның негізінде анықтамалық және кадастрлық карталар жасалады;

  • аймақтық биогеография организмдердің фауналық және флоралық аудандастырылуын қарастырады, соның нәтижесінде биогеографиялық аудандастырудың кешенді кестесі құрылады. Бұл зерттеулер ауыл шаруашылығына пайдалы немесе зиянды организмдер популяцияларын анықтауға, күрес шараларын ұйымдастыруға, жойылып бара жатқан сирек түрлерді қорғауға жол ашады;

  • экологиялық биогеография әр түрлі географиялық облыстардағы организмдер топтарының биоценоздағы рөлін, биологиялық өнімділігін және биомассаларын анықтайды;

  • тарихи биогеография организмдердің жер бетіндегі таралуын нақты аймақтың геологиялық тарихымен байланыстырып зерттейді.

Биогеография организмдердің арасындағы жұқпалы аурулармен, оның қоздырғыштарымен күресті жүзеге асыруды, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығаруды, өсімдіктер мен жануарларды жерсіндіруді, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды, т.б. үйлестіріп отыратын табиғат қорғаудың теориялық негізі болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет