Кариб,
Гвиана таулы үстірті,
Амазонка,
Бразилия және
Анд сияқты 5 облысқа жіктеледі.
Ең ежелгі және өзіндік флора Гвиана таулы үстіртінің облысында шоғырланған. Мұнда шамамен 100 эндемиктік түр өседі, эндемиктік түрлердің 70%-ын құрайды, ал биік тауларда - 95%-ға дейін.
Амазонка өзенінің флора Амазонка облысында тек бір эндемиктік тұқымдастан, 500 эндемиктік туыс пен 3000 эндемиктік түрден тұрады. Облыс өсімдігіне тән ерекше белгі - жаңбырлы, ылғалды тропик ормандары болып табылады, дәл осы ормандарға A. Гумбольдт «гилея» атауын берді. Мұнда 60-тан аса эндемиктік пальма түрлері шоғырланған: ағаштардан бертолеция (45 м-ден биік ірі ағаш), қауын ағашы (папайя), себа ағашы. Үлкен ағаштардан бұршақ, лаврдың көптеген өкілдері бар, бамбук, мимоза алуан түрлі. Амазонка өзенінің алабындағы көлдермен эндемиктік су өсімдіктерінің таралуы тығыз байланысты. Олардың ішінде алып жапырақтары (диаметрі 1,5 м-ге дейін) мен ғажайып гүлдері бар корольдық виктория (Victoria regia) кеңінен танымал. Тропикалық өсімдіктерден гевея каучукты ағашы мен какао ағашын атауға болады. Бразилия таулы үстіртіндегі - Бразилия облысының флорасы ерекше, мұнда эндемиктік тұқымдастар жоқ бірақ шамамен, 400 эндемиктік туыс бар. Өсімдік жамылғысында құрғақ тропик ормандары, сирек ормандар, бұталар мен саванналар көп таралған. Тамаша эндемик - ашық қылқан жапырақты ормандарды түзетін араукария түрлері (Araucaria) табылады.
Анд облысының флорасы 1 эндемиктік тұқымдастан және бірнеше жүздеген эндемиктік туыстардан тұрады. Таксондар саны бойынша флора онша бай емес, оның құрамына неотропиктен шыққан таксондар, сондай-ақ солтүстіктен (голарктикалық) және оңтүстіктен (голантарктикалық) қоныс аударушылар құрайды. Эндемиктерден 1500-3000 м биіктікте өсетін, тамырында хинин болатын хин ағашын (cinhona). Жапырағы кокаинге бай кок ағашы (eruthroxulon соса) өседі. Анд көптеген мәдени өсімдіктердің отаны (картоп, қызанақ, үрме бұршақ).
Достарыңызбен бөлісу: |