Вознесения аралында гүлді өсімдіктердің тек 2 эндемикалық түрі белгілі: сүттіген (Euphorbia origanoides) және гедиотис (Hedyotis adscensionis). Әулие Елена аралында ағаш өсімдіктері тіптен жоқ дерлік, оларды португалдар әкелген үй жануарлары жойған. Аймақтың флорасы Африкамен, негізінен Оңтүстік Африкамен өте байланысты, мұнда Әулие Еленадағы гүлді өсімдіктердің 28 тұқымының 22 тұқымы бар. Кейбір эндемикалық түрлер, мысалы, мелания (Melania melanoxylon) және акалифа (Acalypha rubra) толығымен жойылды.