Жаңа Зеландия облысының флорасы ерекше. Эндемиктік тұқымдастар жоқ. Бірақ 50 эндемиктік түрлер бар, Жаңа Зеландия қылқанжапырақтыларының флорасында 100%-ға жететін түр эндемизмі жоғары. Олардың арасында эндемиктік түр араукарийді (Araucaria heterophulla), сондай-ақ агатисті (каури ағашын) атап өтуге болады. Агатис (араукария тұқымдасынан ) – Солтүстік аралдағы ойпаңды жер ормандарының негізгі орманын түзетін өте ірі қуатты ағаш. Жаңа Зеландияның гүлді өсімдіктер флорасы жоғарғы түр эндемизмінен сипатталады (80%-дан кем емес).