Емтихан сұрақтары Ғылым – таным процесінің ерекше формасы


Эмпирикалық әдістердің түрлері



бет8/43
Дата26.04.2023
өлшемі137,47 Kb.
#86972
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Байланысты:
Åìòèõàí ñ?ðà?òàðû ?ûëûì – òàíûì ïðîöåñ³í³? åðåêøå ôîðìàñû

12.Эмпирикалық әдістердің түрлері.
Эмпирикалық зерттеу (эмпирикалық әдістер)- зерттелетін мәселе бойынша нақты материалды жинақтау және құбылысты тіркеу, оларды тізімдеу, сыртқы байланысын айқындау, қабылданған ұғым мен белгіленген деректерді қорыту үшін қызмет ететін эмпиристік таным мен құбылыс шындығын зерделеу амалдары, рәсімдері мен операциялары, ғылыми зерттеу міндеттерін шешу тәсілдері. Эмпирикалық әдістер тек қана тікелей ақпаратты (жинау) қабылдауды ғана емес, сондай-ақ қордалануды, жіктеуді және зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық теория құру үшін бастапқы материалды жинақтауды да қамтамасыз етеді. Олардың жалпы сипаты - нақтылықпен тікелей байланысты болғандығында.
Эмпирикалық әдістерге мыналар жатады:
- мағлұматтарды жинақтау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, сұхбаттасу, құжаттар мен іс-әрекет нәтижелерін талдау, оқытушы жұмысы тәжірибесін талдау және т.б. жатады; - бақылау мен өлшеу әдістері (шкалалау, тестілеу және т.б.) - педагогикалық үрдісті өзгертілген және нақты ескерілген жағдайда зерттеу
Педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде педагогикалық бақылау жиі қолданылады. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі.


13.Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс. Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
- ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
- жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
- тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
- ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет