Емтихан сұрақтары Фонетиканың ғылыми салалары жалпы фонетика, жеке фонетика
Дата 10.02.2023 өлшемі 20,38 Kb. #66747
Байланысты:
КРИЛ Билет сұрақтары
Емтихан сұрақтары
Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика,
сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т.б) қызметі жөнінде айтыңыз.
Қазақ тілінің лексикографиясы және зерттелу жайын зерделеңіз.
Қазақ тіліндегі дыбыс, артикуляциялық база, тілдің дыбысталу мүшелерін
атаңыз.
Лексикологиямен шектес салалар туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Дыбыстардың акустикалық (физикалық), артикуляциялық
(физиологиялық), лингвистикалық (функционалдық, фонологиялық)
сипаттамалары туралы баяндаңыз.
Сөз бен оның қасиеттерін сипаттаңыз.
Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар (вариант пен вариация)
жөніндегі заңдылықтарды айтыңыз.
Ұғым мен сөз байланысын дәлелдеңіз.
Дыбыс, фонема және олардың арақатынасы туралы баяндаңыз.
Сөздердің қолданылу аясына байланысты түрлері және олардың
ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Фонемаларды топтастыру принциптері (жіктелуі), жасалу жолдарын
айтыңыз. Ықпал түрлеріне (ілгерінді, кейінді, тоғыспалы) тоқталыңыз.
Сөз мағынасының дамуына, негізгі типтеріне сипаттама беріңіз.
Дауысты фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері туралы
айтыңыз.
Сөздің көп мағыналылығы , пайда болу жолдарын сипаттаңыз.
Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктерін атаңыз.
Омоним мен оның түрлерін, ерекшеліктерін зерделеңіз.
Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері.
Буын құрамының өзгеруі. Буын және тасымалдың өзара айырмашылықтарын атаңыз.
Синонимдер мен оның түрлерін зерделеңіз.
Екпін (акцентуация) және оның түрлері, бунақ-ритмикалық топ, сөз ішінде
тұрақты, тұрақсыз түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын атаңыз.
Транскрипция мен транслитерацияны салыстырыңыз.
Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметіне , дауыс
ырғағының суперсегменттік қызметіне тоқталыңыз.
Антоним мен оның түрлерін зерделеңіз.
Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен
қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы айтыңыз.
Лексикалық табу және эвфемизмдер туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Дыбыс өзгерістері. Игерулі өзгеріс (комбинаторлық, позициялы) яғни
шектік (позициялы), сипаттамалы өзгеріс және игерусіз өзгеріс
(спонтанды, бейпозициялық) яғни шектік емес (бейпозициялық), тарихи өзгеріс түрлерін топтастырыңыз.
Қазақ тілінің сөздік құрамы, даму ерекшеліктерін анықтаңыз.
Игерулі өзгерістерде бір дыбыстың екіншісіне тигізетін ықпалдарын:
іргелес ықпал , алшақ ықпал, ілгерінді (прогрессивтік), кейінді
(регрессивтік), тоғыспалы (взаимное) т.б. туралы айтыңыз.
Негізгі сөздік қор мен оның басты белгілерін анықтаңыз.
Алмасу туралы, дыбыстар сәйкестігі туралы баяндаңыз.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер, негізгі белгілері, олардың зерттелу
тарихын зерделеңіз.
Тілдегі әр түрлі фонетикалық құбылыстар , сөз басы, сөз ортасы, сөз
соңындағы дыбыстық құбылыстар туралы айтыңыз.
Қазақ тіліндегі жалпытүркілік сөздер туралы ойыңызды түйіндеңіз
Сингармонизм, буындардың үндесуі, толық және жартылай игеру,
дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы туралы баяндаңыз.
Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлерін, ерекшеліктерін
анықтаңыз.
Дауыссыз дыбыстардың сөз ішіндегі қолданысы, айтылым-жазылым
ерекшеліктері түрленіміне тоқталыңыз.
Кірме сөздер, олардың қабаттары туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Графика, әріп және әліпби, орфоэпия және сингармонизм туралы
баяндаңыз.
Неологизмдер мен олардың жасалу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Ұяң дауыссыз дыбыстар және олардың фонетикалық ерекшеліктері
туралы баяндаңыз.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді зерделеңіз.
Сингармонизмнің фонологиялық қызметі, дыбыстар үндестігі туралы
айтыңыз.
Орыс тілінен енген сөздердің қолданысын зерделеңіз.
Үнді дауыссыз дыбыстар және олардың фонетикалық ерекшеліктері
туралы баяндаңыз.
Сөздік құрамның толығу, даму жолдарын сипаттаңыз.
Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі; фраза (синтагма), бунақ, такт,
интонация, буын, екпін туралы баяндаңыз.
Сөздердің қолданылу жиілігіне байланысты түрлері мен ерекшеліктерін
зерделеңіз.
Дауыстылардың сөз ішінде қолданылуы, дифтонг, дифтонгоид
дыбыстар туралы айтыңыз.
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөздер мен олардың түрлерін зерделеңіз.
Дауыссыздардың тіркесі, сөз (буын) соңындағы қос дауыссыз, қайталама
дыбыстар туралы айтыңыз.
Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты түрлері және олардың
негізгі ерекшеліктері туралы ойыңызды түйіндеңіз.
Сингармема туралы айтыңыз. Ә.Жүнісбектің сингармонизм туралы
көзқарасына тоқталыңыз.
Кәсіби сөздер және оның түрлерін зерделеңіз.
Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлеріне тоқталыңыз.
Терминдер және оған тән қасиеттерді сипаттаңыз.
Қазақ тіліндегі буын жүйесі және тасымал туралы айтыңыз.
Диалект сөздер мен олардың түрлерін зерделеңіз.
Аффрикат және дифтонг дыбыстардың ерекшеліктерін айтыңыз.
Көнерген сөздер мен оның түрлерін сипаттаңыз.
Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері туралы айтыңыз.
Қазақ тіліндегі неологизмдер мен оның түрлерін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: