Емтихан сұрақтары (практикалық)



Дата02.02.2023
өлшемі17,41 Kb.
#64625

Емтихан сұрақтары (практикалық)



  1. Ерте жастан көмек көрсету жүйесі, мақсаты, міндеті

  2. Ерте жастан көмек көрсету жүйесінің отандық және шетелдік тарихы


  3. Ерте жастағы дамуындағы ауытқуларды диагностикалау

  4. "Білім туралы" Заңды (2007) талдап, Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің принциптерін анықтаңыз, ЕОҚ бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуде оларды іске асырудың ерекшеліктерін айқындап, "Қазақстандағы білім беру жүйесі" сызбасын құрыңыз. Біздің елімізде және шетелде балама білім беру мекемелерінің не екенін түсіндіріңіз, мысалдар келтіріңіз.

  5. ЕББҚ бар балалардың топтастырылуы

  6. Білім беру бағдарламаларын салыстырмалы талдау.

    • оқытылатын бағдарламаның теориялық негіздері (тұжырымдамалық ережелері);

    • мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту міндеттері;

    • бағдарламаны құру принциптері;

    • бағдарламаның құрылымы, оның негізгі компоненттерінің сипаттамасы;

    • бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету, оның сипаттамасы;

    • оқытылатын бағдарламаның ерекшелігі;

    • бағдарламаның артықшылықтары мен даулы ұстанымдарын субъективті бағалау.

  7. Мектеп жасына дейінгі даму кезеңдерінің сипаттамасы.

  • Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының негізгі заңдылықтарын анықтаңыз.

  • Жеке дамудың сыртқы және ішкі факторларының айырмашылығы.

  • Баланың жеке басын қалыптастыру үшін тәрбиенің маңыздылығын ашыңыз.

  • Нәрестенің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

  • Баланың өмірін ұйымдастыруда ересек адамның ұстанымы.

  • ЕОҚ бар балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері.

  • 3 жылдық дағдарыс, себептері.

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктері.

  • 7 жылдық дағдарыстың ерекшеліктері.

  • Ерте және мектеп жасына дейінгі баланың даму динамикасының бір бағытын ашып көрсетіңіз: эмоционалды даму, зияткерлік, адамгершілік.

  1. Ерте және мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері

  2. Үйде жағдайында тәрбиелеу күн тәртібін ұйымдастыру. Күн тәртібін ұйымдастыру үшін ата-аналарға арналған педагогикалық ұсыныстар дайындау.

  3. ЕОҚ бар ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу еркшеліктері

  4. ЕОҚ бар балалардың ақыл-ой тәрбиесі.

  5. ЕОҚ бар балаларды еңбекке тәрбиелеу.

  6. ЕОҚ бар балалардың эстетикалық тәрбиесі.

  7. ЕОҚ бар ерте және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері.

  8. Баланың танымдық белсенділігін дамытуға арналған ата-аналарға ұсыныстар, жұмыс әдістерін анықтап, жазу.

  9. Сенсорлық тәрбиелеу міндеттері. Иллюстрациялық материалдарды қолдану. Осы материалды қолдана отырып, сабақтың үзіндісін (сурет таңдау) жасаңыз.

  10. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық әрекет түрлері, олардың сипаттамасы.

  11. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем-эстетикалық тәрбиелеу әдістері.

  12. Ерте жастағы балаларда заттық іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған бірқатар сериялық сабақтарды жоспарлау (нақты жасты өзіңіз анықтаңыз).

  13. Ойын. Ойын барысында балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.

  14. Мектеп жасына дейінгі балалармен педагогикалық процесте рөлдік ойындарды қалыптастыру әдістемесі (бір жас тобының мысалында).

  15. Дидактикалық ойындар ойын әрекетінен оқу процесіне ауысудағы ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы.

  16. Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен ынтымақтастық, байланыс орнату формалары.

  17. Мектепке дейінгі арнайы (түзету) мекемелерінің арнайы мектептермен байланыс орнату жұмыстары.

  18. Мектепке дейінгі арнайы мекемеде педагогикалық процесті ұйымдастыру және тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.

  19. Модельдеуге (илеуге) арналған материалдар мен жабдықтар. (Саз балшық. Пластилин. Қамыр. Құм. Қар және т.б.).

  20. Балабақшада аппликация қолдану ерекшеліктері.

  21. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамытушы ойын технологияларының сипаттамасы.

  22. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі дамытушы ортаға тән ерекшеліктер.

  23. Мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру шарттары.

  24. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Әр түрлі жас топтарында оны белсендіру жолдары.

  25. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру формалары. Оларды әртүрлі жас топтарында қолдану ерекшеліктері.

  26. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем-эстетикалық тәрбиелеу теориясы. Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-эстетикалық іс-әрекетін ұйымдастырудың формалары, әдістері мен құралдары.

  27. Мектепке дейінгі мекемедегі құрастыру (конструирование). Әр түрлі жас топтарындағы балалардың құрастыру әрекетін басқарудың ерекшеліктері.

  28. Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-адамгершілік дамуының теориясы, ерекшеліктері.

  29. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік тәрбиелеу әдістері. Отандық мектепке дейінгі педагогикадағы балабақша мен отбасының өзара әрекеттесу мәселесі.

  30. Қазіргі заманғы шетелдік және отандық мектепке дейінгі педагогикада балабақшаның отбасымен ынтымақтастығын ұйымдастыру жолдары (мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, модельдері).

  31. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің отбасымен жұмысының дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары мен әдістері.

  32. Негізгі тәрбие міндеттеріне сай, дайындық тобының балаларына арналған тұрмыстық еңбектің ұйымдастырып өткізу мазмұны

  33. Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын талдау негізінде бір айға арналған оқытудың перспективті жоспарын дайындау.

  34. Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың мақсаттары мен міндеттері.

  35. Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы, кезеңдері

  36. Арнайы білім беру принциптері.

  37. Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың негізгі түсініктері, терминдері.

  38. Балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі.

  39. Дауында проблемалары бар балалардың дамуындағы ерте және мектепке дейінгі жастың маңыздылығы.

  40. Ерте көмек бағдарламаларын іске асыру (критерийлер бойынша анықтау).

  41. ЕОҚ бар мектеп жасына дейінгі балалармен арнайы жұмыстың мақсаттары мен міндеттері (физикалық, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік, эстетикалық тәрбие).

  42. Арнайы мектепке дейінгі педагогиканың ғылым жүйесіндегі орны.

  43. Балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі. Арнаулы мекемелер туралы ережелер.

  44. Психикалық даму динамикасы. Психомоторлық дамуды ерте ынталандыру (стимуляциялау).

  45. Мектепке дейінгі мекемелерде дамытушы орта құру ерекшеліктері.

  46. Баланы кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру. Дамудағы ауытқуларды ерте диагностикалау.

  47. ЕОҚ бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін жеке түзету-тәрбие жұмысының ерекшеліктері.

  48. Сенсорлық бұзылыстары бар балалар үшін түзету-педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері.

  49. Мектепке дейінгі білім беруде практикалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдар.

  50. Л.С. Выготскийдің аномалды дамудың күрделі құрылымы туралы теориясы.

  51. Мектепке дейінгі жастағы сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс ерекшеліктері

  52. Психологиялық медициналық педагогикалық (ПМПК) қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет