22. Оқиға орнын қарау барысында қолданылатын сурет түрлерін сипаттау. Оқига болган жерді фотога түсіру. Оқиға болған жерді фотоға түсіру, ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын мəйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады. Жақсы бейнелер алу үшін суретке түсіру орны жарық қажет негативтік фотоматериал тауып жарық фильтрін қолдану қажет. Ашық күндері түске дейінгі жəне түстен кейінгі сағаттар фотосуретке түсірудің ең тиімді уақыты. Бірақ, тергеуші өз қалауынша фотосуретке түсіру уақытын таңдау мүмкіндігіне ие болмағандықтан кез келген уақыт фотоға түсіру шарттарын білген жөн. Сөйтіп, ашық күндері күн бұлттың астына кіріп, заттар үкілген жарықта болғанда фотоға түсіру қажет. Аппаратты күн сəулесі оптикалық оське 45 градус бұрыш жасап бағытталатындай етіп құрады. Күнге қарсы түсіруге болмайды, өйткені ол негативке ахау келтіріп, бейнеге зақым келтіреді. Егер ондай жағдайдан күтілмеген сəтте, сəулелердің жолында бір тосқауыл қойып түсіреді. Олар: ғимарат, ағаш, дауыл болуы мүмкін. Көлеңкелеу үшін картон, фанера, портфель қолдануы мүмкін. Түсірген кезде негативтің жарықсезгіштігін ескереді, жағдайға байланысты жарық фильтрін алады: панхромат материалдар болғанда орташа — сары жарық фильтрі танғы жəне кештің алдындағы уақытта жақсырақ, тұманды күні — қызыл сары: өзен, көл, теңіз жағасында — сары, қыста — сары фильтр; күзде немесе жаңбырлы күні – жарық фильтрінсіз. Тінту барысында суретке тусіру. Фотоға түсіру тінтудің нəтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады жəне де тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орындарды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды. Бүкіл бөлмені құпия орынды суретке түсіру үшін, қосымша жарық көзін қояды. Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нəтижесін көрсету үшін қолданылады. Тірі ағзаларды фотога түсіру. Қылмыскерлерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куəландыру нəтижесін бекіту үшін суретке түсіреледі. Өлікті фотога түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін жəне киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді. Панорамалық фотога түсіру — объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.