Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Тану суретінің мақсатын түсіндіру



бет15/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

19. Тану суретінің мақсатын түсіндіру. Тану үшін көрсетуге суретке түсіру əдісі (сигналетиче- ская или опознавательная фотосъемка) – іздеуде жүрген жəне қылмыстық тіркеуде тұрған тұлғаларды тануға көрсету үшін, тер- геу əрекеттерін жүргізу кезінде адамдардың, мəйіттің жеке ба- сын анықтау жəне оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Əдетте тірі адамдарды тану үшін суретке түсіру екі түрлі əдіспен жүзеге асырылады: 1) қарсы алдынан (фас); 2) оң жақ қырынан (профиль). Егер суретке түсірілетін тұлғада қандай да бір болмасын ерекше белгілер болатын болса (мысалы, қал, тыртық т.б.), онда оны екі жақ қырынан суретке түсіреді. Суретке түсіру кезінде танылушы адам бас киімсіз жəне көзілдіріксіз, шашы маңдайын, құлағын жауып тұрмайтындай болуы керек. Танылатын адам басын вертикал қалыпта тік ұстап отыруы жəне суретке түсіру кезінде объективтің осінен ойша жіберілген сызық оның көзінің сыртқы бұрышы мен құлақ қалқанының үстіңгі бөлігін тігінен қиып өтуі керек. Əдетте тану үшін тұлғаның кеудесіне дейін түсірілген екі суреті (анфас жəне оң жақ қырынан) жасалып шығарылады. Кей жағдайларда тану үшін, қосымша, тұлғаның сол жақ қырымен отырған жəне түрегеп тұрған суреті дайындалады. Суреттер адамның беті өзінің нағыз көлемінің 1:7 қатынасындағыдай мас- штабта дайындалуы тиіс. Бұл үшін қарама-қарсы отырған суретті дайындаған кезде көзінің қарашықтарының арасын 1 см етіп шығару керек. Мəйітті тану үшін суретке түсіру – оның табылған жерінде немесе мəйітханада жүзеге асырылады. Бұл суретке түсіру тірі адамды суретке түсіру əдіс-тəртібі бойынша жүзеге асырылады. Егер мəйіттің беті адам танығысыз болса, онда сот-медицина саласының маманы мəйітке арнайы əрлеу жұмысын жүргізеді.


20. Бағыттау жəне шолу суретіне түсіру жағдайын таңдау. Бағдарлаушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді не- месе қандай да бір болмасын объектіні қоршаған ортадағы заттар мен жағдайларды толық қамтып суретке түсіру. Бағдарлаушы су- ретке түсіру əдісінің негізгі мақсаты - оқиғаның нақты қай жерде болғандығын бағдарлап білу, яғни қылмысқа ешбір қатысы бол- маса да, оқиға болған жердегі жылжымайтын объектілерді (мыс. өсіп тұрған ағаш, бағаналар т.б.) айналамен қамтып қоса түсіру. Бағдарлаушы суретте оқиға болған жердің учаскесі, террито- риясы, оны қоршап тұрған объектілер, келіп-кету жолдары, сол жердің кедір-бұдыр бедерлері анық көрініп тұратын болуы керек Бұндай суреттер тергеушінің таңдауы бойынша, оқиға болған жерден жеткілікті арақашықтықта əртүрлі нүктелерден түсіріледі. Əдетте мұндай суретке түсіру шеңберлік немесе сызықтық панорамалық əдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Мына төмендегі суретте оқиға болған жердің бағдарлаушы суреті көрсетілген. Тергеу əрекеттерін жүргізетін орын немесе оқиға болған жер фотосуреттің ортасында орналасуы керек. Шолушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді неме- се объектіні қоршаған ортадағы жағдайсыз түсіру. Шолушы сурет – бағдарлаушы суретке қарағанда жақын қашықтықтан түсіріледі. Бұл əдіс бойынша суретке түсіру кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көп бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге орналастырылады. Сурет- те криминалистикалық маңызы бар объектілер анық көрінуі ке- рек. Бұл объектіні əр түрлі нүктелерден, кей жағдайларда қарама –қарсы нүктелерден түсіру арқылы жүзеге асырылады. Шолып түсіру арқылы оқиға болған жердің нақты жағдайын анықтап, онда орналасқан заттар туралы шынайы мəліметтер алуға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет