Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Криминалистикалық суретті қолдану ауқымын түсіндір



бет13/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Байланысты:
Сот сараптамасы сұрақтары 2

15. Криминалистикалық суретті қолдану ауқымын түсіндір. Криминалистикалық фотография дегеніміз тергеу іс- əрекеттерінде, жедел-іздестіру жəне сот сараптамасын жүр- гізгенде қолданылатын, фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып, айқындалған əдістері мен тəсілдерінің жүйесі болып табылады. Криминалистикалық фотография осы аталған ғылым жүйе- сіндегі «Криминалистикалық техника» бөлімінің бір тарауы бо- лып табылады. Сандық фотография əдісі. «Сандық фотография» дегеніміз компьютерлік техника- ны қолдану арқылы қоршаған ортадағы объектілердің бейнесін компьютерлік технологияны қолдана отырып алу. Электронды есептеу машиналарының жұмысы алынған ақпараттарды сандық түрде немесе сандық форматта өңдеуге негізделген. Криминалистикалық тəжірибеде бейнелеуші суретке түсірудің жағдайы мен мақсаттарына байланысты панорамалық, өлшеуші, репродукциялық, сигналдық, стерео жəне макро суретке түсіру əдістері қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру – бұл кəдімгі жəне арнаулы фотоаппараттың көмегімен бірбірімен байланысқан кадрларды біріктіріп суретке түсіру. Шеңберлік панорамамен суретке түсіру бір орында тұрып жүргізіледі. Фотоаппарат штативке бекітіліп, ол өзінің горизон- таль осі бойынша айналдырыла отырып суретке түсіреді. Сызықтық панорамамен суретке түсіргенде фотоаппарат түсірілетін объектіге параллель бағытта қозғалтыла отырғызылып жүргізіледі. Стереофото түсірім – заттардың көлемдік (үш өлшемдік) суретін алуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың форма- сы, өзара орналасуы туралы мəліметтер алуға мүмкіндік береді. Өлшемдік фототүсірім – бұл объектілердің көлемі мен оларға дейінгі ара қашықтықты есептеп шығуға мүмкіндік беретін сурет- ке түсіру əдісі. Өлшемдік фотография өз кезегінде масштабтық жəне метрлік болып екіге бөлінеді. Репродукциялық фото түсірім – чертеждер, мəтіндер, кесте- лер сияқты жайпақ объектілердің фотокөшірмелерін алуға арналған. Макрофотография - бұл əдіс кішкентай заттарды олардың детальдарын, іздерді үлкейтіп немесе сол қалпында түсіруге мүмкіндік береді. Тану үшін көрсетуге суретке түсіру əдісі (сигналетиче- ская или опознавательная фотосъемка) – іздеуде жүрген жəне қылмыстық тіркеуде тұрған тұлғаларды тануға көрсету үшін, тер- геу əрекеттерін жүргізу кезінде адамдардың, мəйіттің жеке ба- сын анықтау жəне оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады.

16. Өлшеу сүретін түсірудің түрлерін тізбектеу. Өлшемдік фототүсірім – бұл объектілердің көлемі мен оларға дейінгі ара қашықтықты есептеп шығуға мүмкіндік беретін сурет- ке түсіру əдісі. Өлшемдік фотография өз кезегінде масштабтық жəне метрлік болып екіге бөлінеді. Репродукциялық фото түсірім – чертеждер, мəтіндер, кесте- лер сияқты жайпақ объектілердің фотокөшірмелерін алуға арналған. Макрофотография - бұл əдіс кішкентай заттарды олардың детальдарын, іздерді үлкейтіп немесе сол қалпында түсіруге мүмкіндік береді. Тану үшін көрсетуге суретке түсіру əдісі (сигналетиче- ская или опознавательная фотосъемка) – іздеуде жүрген жəне қылмыстық тіркеуде тұрған тұлғаларды тануға көрсету үшін, тер- геу əрекеттерін жүргізу кезінде адамдардың, мəйіттің жеке ба- сын анықтау жəне оларды қылмыстық тіркеуге алу мақсатында қолданылады. Өлшемдік фототүсірім – бұл объектілердің көлемі мен оларға дейінгі ара қашықтықты есептеп шығуға мүмкіндік беретін сурет- ке түсіру əдісі. Өлшемдік фотография өз кезегінде масштабтық жəне метрлік болып екіге бөлінеді. Масштабтық суретке түсіру əдісі объектілердің көлемін (ұзындығы, ені жəне биіктігін) анықтауға мүмкіндік береді. Бұл əдісті құжаттарды, заттарды, қылмыс құралдарын іздерді жəне басқа да айғақтық заттарды суретке түсіру үшін қолданады. Масштабтық суретке түсіру кезінде суретке түсірілетін объектінің жанына масштабтық сызғыш қойылады. Метрлік түсіру – суретке түсірілген объектілердің көлемін анықтау үшін ғана емес, осы объектіге дейінгі ара қашықтықты анықтап білу үшін қолданылатын əдіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет