Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Бөлшектеп түсіру суреттер əдісін сипатта



бет21/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
29. Бөлшектеп түсіру суреттер əдісін сипатта. Суретке түсірудің əртүрлі əдістері əдетте көптеген тер- геу əрекеттерін жүргізгенде, атап айтар болсақ: тінту, тергеу эксперименті, тануға ұсыну жəне т.б. қолданылады. Бірақ та, осы əдістер оқиға болған жерді қарау кезінде толық көлемде жəне жиі қолданылады. Бағдарлаушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді не- месе қандай да бір болмасын объектіні қоршаған ортадағы заттар мен жағдайларды толық қамтып суретке түсіру. Бағдарлаушы су- ретке түсіру əдісінің негізгі мақсаты - оқиғаның нақты қай жерде болғандығын бағдарлап білу, яғни қылмысқа ешбір қатысы бол- маса да, оқиға болған жердегі жылжымайтын объектілерді (мыс. өсіп тұрған ағаш, бағаналар т.б.) айналамен қамтып қоса түсіру. Бағдарлаушы суретте оқиға болған жердің учаскесі, террито- риясы, оны қоршап тұрған объектілер, келіп-кету жолдары, сол жердің кедір-бұдыр бедерлері анық көрініп тұратын болуы керек (29-сурет). Бұндай суреттер тергеушінің таңдауы бойынша, оқиға болған жерден жеткілікті арақашықтықта əртүрлі нүктелерден түсіріледі. Əдетте мұндай суретке түсіру шеңберлік немесе сызықтық панорамалық əдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Мына төмендегі суретте оқиға болған жердің бағдарлаушы суреті көрсетілген. Тергеу əрекеттерін жүргізетін орын немесе оқиға болған жер фотосуреттің ортасында орналасуы керек. Шолушы суретке түсіру – бұл оқиға болған жерді неме- се объектіні қоршаған ортадағы жағдайсыз түсіру. Шолушы сурет – бағдарлаушы суретке қарағанда жақын қашықтықтан түсіріледі. Тораптық суретке түсіру – оқиға болған жердің маңызды учаскелерін, объектілерін, қылмыс əрекеттерінің іздерін ірі мас- штабта түсіру əдісі (мыс. сындырып-бұзу орны, мəйіттің жатқан орны, заттар жасырылған құпия орын т.б.). Объектілер сурет- те олардың формаларын, көлемдерін, іздердің өзара орналасуын анықтау мақсатында үлкен масштабта бейнеленеді. Бұл сурет- терде байқау хаттамасында сипаттап жазуға қиындық келтіретін объектілер туралы ақпараттар барынша көп мөлшерде көрінуі ке- рек. Мұндай суретке түсіру масштабты қолдану арқылы, ал кей жағдайларда панорамалық əдісті қолдану арқылы (мысалы, апат, өрт болған жерлер) жүргізіледі. Бұл жерде суретке түсіру нүктесі іс үшін маңызы бар объектілер мен учаскелерді толығымен қамтитын жерлерден таңдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет