Емтихан сұрақтары «Сот сараптамасының заманауи әдістері»


Ультра күлгін және инфрақызылсәуледе суретке түсірудің жағдайын түсіндір



бет61/79
Дата22.11.2022
өлшемі232,02 Kb.
#51840
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79
98. Ультра күлгін және инфрақызылсәуледе суретке түсірудің жағдайын түсіндір.
Ультракүлгін сəулелерінде фотосуретке түсіру химиялық реактивтермен өшірілген (вытравленный), оңып кеткен, өшіп қалған мəтіндерді анықтау үшін, симпатикалық жəне темір-галдық сия-лармен жазылған мəтіндерді оқуға, шыны жəне одан жасалған бұйымдарға, мөлдір минералдардан жасалынған бағалы заттарға дифференциация жасауға, жанар-жағармайлардың іздерін жəне адам организмінің бөлінділерінің (қан, ұрық, сілекей т.с.с) іздерін табу үшін қолданылады. Шағылысқан ультракүлгін сəулелерде фотоғатүсіруүшінфотоаппараткварцобъективпенжабдықталады. Жарық көзі ретінде сынап-кварц немесе люминесенциялық шамдар жəне ультракүлгін сəулелердің белгілі бір участогын бөліп алуға мүмкіндік беретін ультракүлгін шыны (УФС) қолданылады. Фотоматериалдар ретінде кəдімгі контрасты диапозитивті пластинкалар, фототехникалық пленкалар, «Микрат» типті плен-калар қолданылады.
Ультракүлгін сəулелерде қозған люминесенция арқылы суретке түсіру кəдімгі объективті кез келген камераларды қолдану арқылы жүргізіледі. Суретке түсіру объектісі ультракүлгін сəулелермен жарықтандырылады жəне жарық көзінің алдына УФС типті жарықсүзгішорнатылады. Ультракүлгінжарықағымысуреткетүсіру объектісіне əсер етіп жарықты люминесенциялайды. Бұл жарық ағымының жолына люминесенциялық жарықты жəне инфрақызыл сəулелердіөткізетінбірақультракүлгінсəулелердіұстапқалатынВС, ЖС сияқты жарық бөгейтін фильтрлер қояды. Фотосуретке түсіру люминесенциялық түстерге сезімтал фотоматериалдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Инфрақызыл сəулелерінде фотосуретке түсіру
.Инфрақызыл сəулелерінде фотосуретке түсіру кəдімгі фотоаппараттар мен объективтердің көмегімен жүзеге асырылады. Суретке түсірілетін объект 200, 300, 500 ваттық қыздыру лам-паларымен жарықтандырылады. Бұл жарықтың спектрлерінде инфрақызыл сəулелер көп мөлшерде болады. Суретке түсіру барысында объективтің алдына қызыл немесе инфрақызыл жарық сүзгіш орналастырылады (ИКС-1, ИКС-2 немесе ИКС-3). Мұндай түсірілімдерде инфрақызыл сəулелеріне сезімтал «ин-фрахром» фотопластинкалары немесе фотопленкалары пайдала-нады. Сəулелермен əсерленген фотоматериалдар «инфрахром» қараңғы жерде немесе арнайы фильтрлі шырақ (қою-жасыл түсті) жарығында өңделіп шығарылады.
Сараптамалық зерттеулерде (көбінесе құжаттардағы қосып жазылған жəне жуып өшірілген, химиялық реактивтерді қолдану арқылы өңделген жазбаларды анықтау үшін) инфра-қызыл люминесценциялық түсірілімдер пайдаланылады. Бұл əдіс спектрдің көкшіл-жасыл зонасының (шекарасының) əсер етуі арқылы кейбір заттардың инфрақызыл сəулелерін шығару мүмкіндігіне негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет