Емтихан сұрақтары: Тарихи дамудың қазіргі кезеңіндегі ғылым теориясы мен методологиясының орны мен рөлі


Тарихнамадағы тарихи факт тұжырымдамасы



бет16/26
Дата28.03.2023
өлшемі65,59 Kb.
#77038
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
ВОПРОСЫ ТИМПИН

18. Тарихнамадағы тарихи факт тұжырымдамасы.
Тарихнаманың методологиясында маңызды аспект тарихнамалық шығармашылыққа аса қажет материал тарихнамалық факт болып табылады. Сондықтан да тарихнамалық фактнің болмысы мен әлеуметтік функциясын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Тарихнамалық фактнің мәні мен мазмұны туралы көбінесе орыс зерттеушілері мен тарихшылары пікір білдірген. Әсіресе кеңестік кезеңдегі орыс ғалымдары С.О.Шмидт, А.М.Сахаров, М.А. Барг, А.И.Данилов, О.Л. Вайнштейн аталмыш мәселеге қатысты бірқатар еңбектер жариялап, оның түйінін шешуге ат салысқан. Қазіргі ТМД аумағында тарихнама ғылымындағы жетістіктері бойынша кешегі одақтық республикалардан озық тұрған Ресей Федерациясының ғалым зерттеушілері тарихнамалық фактнің мәнін толықтырып, тереңдете түсті. Тарихқа жүгінетін болсақ, тарихнамалық фактінің анықтамасын алғашқылардың бірі болып берген кеңестік ғалым-тарихшы - С.О.Шмидт. Ғалым тарихнамалық фактнің тарихнамалық зерттеудің объектісі дей келе, оның зерттеуші үшін негізгі тарихнмалық дерек болатындығын атап көрсеткен.
Ал А.М.Сахаров тарихнамалық фактні зерттеушінің ғылыми ізденістер нәтижесінде тапқан ғылыми білімі деп түсінген. Алайда мұндай анықтамалар тарихнамалық фактнің мәні мен мазмұнын толық ашып бере алмайды, өйткені оның әлеуметтік функциясын ескермейді. Себебі тарихнамалық факт эмпирикалық білімнің шеңберінде шектелмей, теориялық мазмұнды да құрайды. Тарихнамалық фактіні танудағы теорияның рөлі сонда, ол тарихнамалық заңдылықтарда зерттеуге қажетті шынайы фактлерге қол жеткізіуді қамтамасыз етеді. Сондай - ақ ол фактілердің өзара тәуелділігі мен объективті байланыстарын ашып көрсетеді. Мұның өзі “теория фактілерге сәйкес келуі керек” деген қағидаға қайшы емес.
Осылайша айтылғандарды қорыта келе, тарих ғылымында тарихнамалық заңдылықтарды ашу үшін қолданылатын тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет тарихнамалық факт деп аталады деген анықтама беруге болады. Бұл анықтама мынадай критерийлерге негізделген; тарихнама пәнінің мазмұны, тарихи факт пен тарихнамалық фактінің қатынасы, тарихнаманың әлеуметтік-саяси функциялары, ғылымның ақпараттық әлеуетін түсіну.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет