24. Тарихи танымдағы ұғымдар мен категориялардың рөлі. Тарихи теория - тарихи білімнің ерекше формасы. Курстың методологиялық негізі бірнеше идеялармен анықталады. Біріншіден, тарихи танымның ерекшелігі және тарихи зерттеудегі ақиқаттылық пен шынайылық критерийлерінің салыстырмалылығын мойындау. Тарихи білімнің салыстырмалылығы бірнеше факторларға байланысты. Олардың ең негізгісі – тарихи зерттедің үш негізгі компоненттері – тарихи факт, тарихи дерек және тарихи зерттеудің көпмағыналылығы. Екіншіден, тарихи зерттеудің пәні мен әдістерінің өзгеше ерекшелігі. Тарих ғылымының қалыптасуы барысында оның пәніне берілген анықтаманың өзі үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Қазіргі заманғы тарихи зерттеу тәжірибесі тарихи зерттеу өрісінің кеңдігін ғана емес, сонымен қатар, оны зерттеу әдіс-тәсілдерінің де кең базасын мойындайды. Басты мақсаты мемлекеттердің дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру үшін саяси маңызды оқиғаларды зерттейтін эмпирикалық ғылымнан тарих қоғамды оны даму динамикасы барысында зерттейтін пәнге айналды. Тарихшы өзінің зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық қырын ала алады. Осындай диверсификацияның өзі – тарих ғылымының зерттеуйінің түпкі негізгі объектісі табиғаты мен жүріс-тұрысы саналуан АДАМ екендігін көрсетеді. Үшіншіден, тарихи таным мен білім таза академиялық білім болған емес. Оның қызметтері өзінің әлеуметтілігімен ерекшеленеді. Тарихи білім мен өткенге деген қызығушылық әрқашан қоғам үшін өзекті мәселені қарастыру қажеттілігімен де ерекшеленді. Осы тұрғыдан алғанда тарих немесе өткеннің суреті әлеуметтік сананың бөлігі, саяси-идеологиялық түсініктің бөлшегі, әлеуметтік даму стратегиясын анықтаудың ең бастапқы материалы болып табылады.
Тарих ғылымының өзінің дербес ұстанымдары бар. Олардың біріншісі – сипаттау ұстанымы. Бұл ұстанымсыз тарихтың өзі адамзаттың өткені туралы әңгіме болып құрыла алмайды. Оның үстіне ол әлемнің тұтас бейнесін жасау және тарихтың көпшілік арасына насихаттау, уағыздау, тарату үшін қажет. Екінші ұстаным – тарихшылдық ұстанымы. Ол бойынша барлық тарихи үдерістерді жүйелі түрде қарастыру, оқиғаны бөлшекің қосындысы түрінде қарастыру, құбылысты оның пайда болу үдерісінен логикалық аяқталуына дейінгі дамуын, қарастырылып отырылған құбылыстың (оқиғаның, фактінің) алдыңғы және кейінгі байланысын ескеру (каузальдық байланыс) міндеттеледі. Соңғы ұстаным – объекивтілік ұстанымы.