8. Тарихи зерттеулердегі пәнаралық бағыттар. Пәнаралық - бұл біздің заманымыздың сипатты көріністерінің бірі, білімнің әлеуметтік және саяси интеграциясы. Көп жақтылы ұғымда пәнаралылықтың бірпәнділіктен айырмашылығы оның әртүрлі пәндер, білім салалары арасында өзара әрекет етуі түрінде түсіндіріледі. Оның дамуы барысында идеялар мен көзқарастардың, терминдері және зерттеу тәжірибесінің интеграциясы, айырбасы жүреді. Осындай өзара ықпал етудің нәтижесінде ғылыми білімнің өзекті міндеттерін шешудің бағыты қалыптасып, ақырында зерттеу объектісінің мазмұны толығып, байи түседі. Пәнаралықтың пайда болуы ғалымның методологиялық жұмыстарын күшейту, сапалы білім алудың жаңа деңгейінде зерттеу процесін өрістету қажеттіліктеріне байланысты деген пайымдау бар. Осылайша пәнаралық феномені ғылыми білімді дамытудың қозғаушы күштерінің біріне айналады.50 Алайда пәнаралық өзара әрекет методологиялық талдауды алмастыра алмайды, алмастыруы тиіс те емес. Пәнаралықты тарихнамада қолдану мүмкіндігі оның теориялық және гносеологиялық дәстүрлерімен, методологиялық жетілдірудің бағыттарымен байланысты бірқатар фундаменталды негіздерінен шығады.
Әлеуметтік тарих- бұл адам қоғамының дамуын қоршаған ортамен бірге зерттейтін пәнаралық сала. Жаңа экономикалық тарих- бұл қоғамдағы белгілі құбылыстарды, оқиғаларды экономикалық заңдылықтармен түсіндіру саласы. Жаңа саяси тарих - бұл тарих пен саясаттанудың ықпалдасуымен пайда болған сала. Ерекшелігі жоғары таптар тарихын зерттейді, және жергілікті тарихты, әлеуметтік тарихты зерттейді. Мәдени және металды тарих – металды тарих деп ұжымның, адамның көзқарасын айта аламыз. Ол тарихта белгілі бір сан алуан әсерлерден қалыптасқан дүниетаным. Тарихи зерде- қандай да бір қоғам тарихында болған маңызды мәселенің болашақ ұрпаққа әсері. Биографика- белгілі тарихи үрдісте өмірбаянды зерттеу, яғни ол өмірбаянды сол кездегі тарихи құбылыстармен зерттеу болып табылады. Өлкетанушылық зерттеулер- бұл өңір елді мекен немесе бөлек жануяның, тарихи өлкетанудан айырмашылығы, ол сол геологиялық өлкетанушылық зерттеу.
Тарихи психология, және психотарих.
Тарихи үрдістің барысындағы, белгілі бір адам психологиясында қалыптасқсн психологиялық ерекшеліктерді. Және көптен орын алудағы, психологиялық негіздің әсері.
Тарихи имагология- өз тарихындағы жақын және бөтен, деген түсініктердің орын алуын зерттеу.