Емтихан тапсырма № 19 1. Байланыстар және байланыстардың реакциялары
Иілудегі жанама кернеу
1)Байланыстар мен олардың реакциялары. Механикада еркін жəне еркін емес денелер қарастырылады. Кеңістіктегі кез келген бағытта қозғала алатын дене еркін дене деп аталады. Егер дененің кеңістіктегі қозғалысы қандай да бір басқа денемен шектелген болса, онда ол еркін емес дене деп аталады. Берілген дененің қозғалысын шектейтін денені байланыс деп атайды. Дененің байланысқа əсер ететін күшін қысым күші деп атайды, ал байланыстың денеге əсер күшін байланыс реакциясы немесе жай ғана реакция дейді. Өзара əсер заңы негізінде, бұл күштер бір түзудің бойымен қарама- қарсы бағытта əсер ететін күштер. Сонымен қатар бұлар əр денеге түскендіктен күштер жүйесін құра алмайды.
Денеге əсер ететін күштер актив жəне реактив күштер болып екіге бөлінеді. Тыныштықтағы денені қандай да бір қозғалысқа келтіре алатын күшті актив күш деп, осы қозғалысқа кедергі болатын күшті реактив күш деп атайды.
2) Арқалық қималарында көлденең иілу оқиғасында тек қана июші момент емес, сонымен қатар көлденең күш әсер етеді. Демек, бұл жағдайда білеудің көлденең қималарында тек қана тік кернеу емес, сонымен қатар жанама кернеу туындайды.
Жанама кернеулер жалпы жағдайда қимада біркелкі таратылмаған, онда көлденең иілу кезінде арқалықтың көлденең қималары жазық күйінде
қалмайды. Бірақ h\l <1 (мұнда h - көлденең қиманың биіктігі, l - арқалықтың
ұзындығы) жағдайында, бұл бұрмалау арқалықтың иілу кезіндегі жұмысында білінбейді. Бұл жағдайда, таза иілу кезіндегі жазық қима болжамын, қабылдау жеткілікті болады. Сондықтан тік кернеуді анықтағанда теңдеуін қолданады.
Жанама кернеуді анықтайтын теңдеуді қарастырамыз. Көлденең иілдегі білеуден ұзындығы dz тең кішкентай бөлікті бөліп аламыз.
Емтихан тапсырма № 20 1. Салмақ күші орталығының координаталарын табуға арналған жалпы теңдеулер.
Сығылғын сырықтарды есептеу.1>