Емтихан тапсырма №14



бет2/3
Дата27.12.2022
өлшемі328,03 Kb.
#59914
1   2   3
Емтихан тапсырма № 17
1. Тік таза иілу деформациясы.
Көлденең күш, таралған күш қарқындылығы арасындағы дифференциалдық байланыс.

1)Егер июші момент көлденең қимадағы жалғыз ғана ішкі күш бол- са, онда иілу таза иілу деп аталады. Таза иілудегі арқалықтың деформациялану күйі жазық қималар болжамының дұрыстығын толығымен сипаттайды. Сонымен, таза иілуде көлденең қималар бұрылады жəне арқалықтың дөңес жағындағы бойлық талшықтары ұзарады, ал ойыс жағындағы – қысқарады. Олай бол- са, арқалықтың қандай да бір қабатындағы талшықтар не ұзармауы, не қысқармауы мүмкін, яғни арқалық деформацияланғанда, ұзындықтары өзгермейді. Арқалықтың ұзындығы өзгеріссіз қалатын талшықтарының геометриялық орны бейтарап қабат (БҚ) деп, ал бейтарап қабаттың кез келген көлденең қимамен қиылысу сызығы қиманың бейта- рап өсі деп аталады. Жалпы алғанда, əзірге оның орны белгісіз.


2)


Емтихан тапсырма № 18
1. Күш. Күшітін әсер ету сызығы
Иілу деформациясындағы тік кернеу.


1)Күш. Табиғаттағы заттық денелер əрдайым өзара немесе қоршаған ортамен əсерде болады. Күш деп денелердің өзара механикалық əсерлерінің өлшемін атайды. Күнделікті тұрмыста, техника сала- сында күштің денеге əсері оның шамасы (модулі), бағыты жəне түсу нүктесі арқылы анықталатынын көреміз. Бұдан күшті векторлық шама деп қарастыруға болатындығы шығады.
Күш шамасы динамометрдің жəрдемімен өлшенетін салмақ арқылы анықталады. Механикада күштің өлшем бірлігі ретінде физикалық шамалардың өлшеу бірліктерінің халықаралық система- сынада (СИ) 1 Ньютон алынады.
Ньютон деп массасы 1 кг денеге күш əсері бағытында 1м/с2 үдеу беретін күш алынады. Ньютонның еселік бірліктері – килоньютон (1кН = 103 Н) жəне меганьютон (1МН = 106 Н).
Күшті кез келген вектор ретінде бағытталған кесіндімен бейнеле- уге болады. Белгілі бір масштабта алынған АВ кесіндінің ұзындығы (I.1.1-сурет) күш векторы F  тың сан мəнін (модулін) бейнелейді, ал оның бағыты күштің əсер ету бағытына дəл келеді. А нүктесі вектордың бас нүктесі деп, ал В нүктесі вектордың ұшы деп аталады. Дененің күш əсер етіп тұрған А нүктесі күштің түсу нүктесі деп, ал
бойымен F күш векторы бағытталған m  n сызығын күштің əсер сызығы деп атайды. Көптеген жағдайларда күш векторын вектордың ұшындағы стрелка күштің түсу нүктесіне тіреп кескіндеу қолайлы (I.1.1-суреттегі Q күш).

2.Иілу деформациясындағы тік кернеу


Толық кернеудің көлденең қима жазықтығына перпендикуляр Ox өсіне түсірілген проекция- сы тік кернеу деп аталып, σ əрпімен белгіленеді. Тік кернеу σ – өстік ішкі күштің қарқындығы немесе қарастырылған қиманың берілген нүктесінің аудан бірлігіне келтірілген өстік күш. σ = dN/dA.
Таза иілу кезінде кернеулер көлденең қима бойымен сызықтық заң бойынша таралады. Бейтарап сызық (БС) дегеніміз σ=0 болатын нүктелердің геомериялық орны; ол майысқан сырық қисықтығының жазықты-ғына перепендикуляр болатыны айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет