Біріншілік мерез, эрозивті түрі
#5
*!27 жасар ер адамның жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шикі еттің түсіндей, негізінде тығыз инфильтраты бар эрозия. Субъективті белгісі жоқ. КСР оң нәтижелі. Төменде берілген дәрілік препараттар тобының қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Пенициллиндер
#6
*!33 жастағы әйелді тексергенде гинеколог оның оң жақ үлкен жыныс ернеуінің көлемі аса ұлғайғанын көрді. Саусақпен басқанда ойық қалмайды, терісі көкшілдеу түсті, КРС-оң нәтижелі. Екі жағындағы шап лимфа түйіндері 2,0х1,5 см. дейін үлкейген, қозғалмалы, ауырмайды. Анамнезінде- бей-берекет жыныстық қатынасқа барған. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімдірек?
Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)
#7
*!Бір апта бұрын кіші жыныс ернеуінде пайда болған жарақатқа шағымданып келген әйел 1,5 ай бұрын танымайтын еркекпен жыныстық қатынаста болған. Қарағанда: жыныс кіші ернеуінде дөңгелек, анық шектеулі, шеттері тегіс, көлемі 0,5 см., түбі ет-қызыл түсті, жылтыр, аздаған ұйыма бөліндісімен эрозия бар.Пальпацияда тығыз сіңбелі. Субъективтік сезім жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз-эластикалық, қозғалғыш, ауырмайды. КСР-теріс нәтижелі. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау тиімдірек?
Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон)
#8
*!36 жасар әйел біріншілік серопозитивті мерезбен ауырған науқастың жыныстық серіктесі ретінде дәрігердің қабылдауына шақырылды. Анамнезінен жыныстық қатынас бір рет 10 күн бұрын болғаны анықталды. Тексергенде мерездің клиникалық-серологиялық белгілері жоқ. Төмендегі ем тәсілдерінің қайсысын тағайындаған дұрыс?
Ж.қатынастан кейін 2 айға дейін уақытта тағайындалатын препарат пенициллин және оның туыстары
#9
*!47 жасар ер адам артқы тесік аймағындағы қышынуға, жағымсыз сезімге шағымданып келді. Осы сезімдер екі апта бұрын пайда болған. Қарағанда: жыныс мүшесі мен анус аймақтарында өзара бірігіп кеткен, түбі сіңбелі, беті эрозияланған, қоңыр-қызыл түсті вегетациялық құрылымдар көрінді. Сонымен қатар ер адамда алақаны және табанында түйіншектер, шашы селдіреп түсіп қалған. КСР 4 + Қандай болжамды диагноз қоюға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |