Екіншілік мерез, рецидивті түрі, алақан-табан сифилиді, мерездік алопеция #10
*!36 жасар әйелдің бетіндегі көкшіл-қызыл түсті, диаметрі 0,8 см, консистенциясы тығыз, төмпешіктер орналасқан. Ауырғанына үш айдай болған. Вассерман 4+( титр 1:5), БТИР 87%. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:
Мерез, үшіншілік?(төмпешік) #11
*!45 жасар еркектің денесінде ірі бозғылт түсті бірер розеолалар бар. Алақаны мен табанында топтасып түйіншектер орналасқан, полиаденит айқын емес. 1:80 титрде КСР-4+. Төмендегі диагноздардың қайсысын болжауға болады?
Екіншілік мерез, рецидивті түрі, алақан-табан сифилиді
#12
*!24жасар ер адамның басының шашты бөлігінде біркелкі шаштың сиреу ошақтары және дөңгелек пішінді, бір-бірімен қосылмаған 10-15 тиын көлеміндей таз ошақтары. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақ, қабыну белгісі жоқ, шаштары сынбаған. Субъективті сезім жоқ. Ошақтар "күйе жеген теріге" ұқсайды. Қанды зерттеген кезде КСР оң нәтижелі.Төмендегі диагноздардың қайсысы болжамды?
Екіншілік мерез, рецидивті түрі, ошақты мерездік алопеция #13
*!38 жасар ер адамның қасаға терісінде диаметрі 10 см зақым ошағы анықталды. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, жиегінде таға тәрізді жара жолағы орналасқан. Жара анық шектелген, түбі тегіс және үлкен жыныс ернеуіне бір жақты және шап қатпары терісіне таралған. Оның жиегінде көкшіл-қызғылт түсті төмпешіктерден тұратын білік.Шеткері лимфатүйіндері өзгермеген. РИБТ 90%, РИФ 4+ Төменде берілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау орынды болып табылады:
Пенициллиндер (пенициллин болмаса, резервтік препараттар тетрациклин, доксациклин, азитромицин, эритромицин, цефтриаксон) #14
*!дерматологтың қабылдауына 40 жасар әйел денесінің оң жақ бүйір бетінде, жауырын мен қолтық асты аймағының маңайына орналасқан бөртпеге шағымданып қаралды. Өзін екі ай көлемінде ауырамын деп есептейді. Алғашында тығыз, теріден көтеріңкі, қою қызыл түсті бөртпені байқаған, кейіннен ортасында некроз ошағы пайда болған. Үш жыл бұрын денесінде қызыл дақтар пайда болып, емсіз өз бетімен жоғалып кеткен. Объективті: бөртпенің шекарасы анық. Алғашқы бөртпе сау теріден анық шектелген төмпешік, олар сақина түзген, оның ортасында мозайкалы тыртықтар. Төмпешіктер тығыз, ауру сезімінсіз. РИБТ 93%, РИФ 4+. Төменде берілген дәрілік препараттар тобының қайсысын тағайындау орынды болып табылады: