Қуаттылығы. Гормондар қанда өте аз мөлшерде болса да, ( 10-9, 10-10г/л) өте күшті әсер ете алады.
Секрециялануы. Гормондар ішкі секреция бездері (эндокриндж бездер endo-iшкі, krinen-бөлемін) деп аталатын ерекше тіндерде түзіледі. Бұл бездердің өнімдері тікелей қанға бөлінеді немесе тіндік сұйықтыққа, лимфага, одан кейін қанға түседі. Гормондар үзіліссіз түзіліп отырады, бipaқ қанға аз мөлшерде түсіп, күшгі биологиялық эффект көрсетіп, ыдырап отырады.
Қашықтықтан әсер eтуi (дистанттылығы). Гормондар түзілген орнынан әр түрлі қашықтықта әсер етеді.
Гормондар қанда бос күйінде және белоктармен байланысқан күйде болуы мүмкін. Бос гормондар биологиялық белсенді, ал белоктармен байланысқанда белсенділігі уақытша жойылады. Гормондардың бос және байланысқан түрлерінің арасында белгілі динамикалық тепе-теңдік бар. Бос күйіндегі гормондар азайғанда, белоктармен байланысқан гормондардың түpi диссоциацияланады. Байланысқан гормондар суда жақсы ериді, олар гормондардың тасымалдану түpi және қоры болып саналады.
Уақытша әсер eтyi. Гормондар қысқа уақыт әсер етеді. Бұл олардың жартылай ыдырау уакытының аз болуына байланысты. Белоктық-пептидтік гормондар, адреналин мен норадреналин 3-10 минут ғана өмip сүре алады. Бұларды стресс гормондары деп атайды. Ал, стероидты жэне тироидты гормондар ұзағырақ әсер етеді - бipнеше сағат, тіпті бipнешe тәулік, кейбір жағдайларда апталар бойы өмip сүреді. Оларды бейімділік /адаптациялық/ гормондары деп атайды.
Барлық гормондар өз әсерін рецепторлар арқылы тигізеді. Рецепторлармен басқа да заттар, мысалы, дәрілік заттар, биогенді аминдер және басқа да заттар байланысуы мүмкін. Рецепторлармен байланысатын заттарды лигандтар деп атайды. Сигналдарды рецепторлар арқылы қабылдау тек қана көп жасушалы организмдерге тән.
5. Гормондардың әсер ету механизмі (сызба түрінде салыңыз);
Барлық гормондар жасуша ішілік ферменттердің белсенділігін өзгерту арқылы метаболизмді реттейді. Ферменттердің белсенділігін өзгерту тәсілдеріне қарай 3 топқа бөлінеді:
1-механизм: Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер етуші гормондар. 1-ші механизм бойынша нәруызды-пептидті гормондар және катехоламиндер әсер етеді және суда ериді, сондықтан рецепторларының мембраналардың беткі қабатында орналасады.
Өзінің хабарын екіншілік мессенджерлер арқылы жеткізеді.
Екіншілік мессенджерлер: