Эндокриндік жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері



Дата08.06.2023
өлшемі7,44 Kb.
#99699
түріҚұрамы

Эндокриндік жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері (диабеттік аяқ)

Ким Руслан

Эндокриндік жүйе

Эндокриндік жүйе-қандай ұлпадан дамуына байланыссыз ішкі ортаға спецификалық реттеуші заттарды бөлетін барлық бездердің, ұлпалардың және жасушалардың бірігуінен тұратын жүйе. Эндокриндік жүйе құрамына эндокриндік бездер мен жекелеген эндокриндік жасушалар жатады.

Бездер

Организмде бездерді үш топқа бөледі:

  • Сырткы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
  • Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
  • Аралас секреция бездері (жыныс,ұйқы безі).

Гормон-биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.

Гормон-биологиялық активті заттар,олар арнайы эндокриндік ұлпада түзіліп шығарылады,яғни зат алмасуға және организмнің функциональдық реттеуге қатысады.


Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Қант диабеті – ұйқы безі қызметінің бұзылуы, инсулин атты гармонның жетіспеушілігінен пайда болады.
Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді.
9 емдәм. 
Тағайындалуы: қант диабеті.
Сипаттамасы: құрамында холестерині бар және рафинадталған көмірсулары бар өнімдерді шектеу, тіпті мүлде қолданбау. Дайындалуы: пісірілген, аздап қуырылған.
Дайындалатын тағам және оның түрлері: қарабидай наны, қара нан. Көкөніс сорпасы. Орта майлы ет және балық. Ботқалар: қарамық, сұлы, тары. Қышқыл сүт өнімдері. Жемістер, көкөністер.  Рұқсат етілмейтіндер: тұздалған және маринадталған өнімдер. Манка жармасы, макарондар, тәттіжемістер. Шектеу керек: сәбіз, қызылша, жасыл бұршақ, картоп, жұмыртқа.
Диабеттік табан синдромында аяқ күтімі
Диабеттік табан ауруының алдын-алу үшін екінші типті қант диабетіне шалдыққан кез-келген науқас аяқ киім таңдау мәселесіне ден қоюы қажет. Аяқ киімді өлшеп қарап, таңдауға түстен кейінгі мезгілді арнаған жөн, өйткені тәуліктің екінші жартысында аяқ аздап ісінеді. Ал диабетиктің табаны, башайларының арасы терлемегені дұрыс, өйткені кейін олардан құтылу қиынға соғады.
Аяқ киім таңдағанда диабетик мына нәрселерді ескеруі тиіс:
-Күзгі және қысқы аяқ киім былғарыға қатты тартылып тігілуі тиіс, оны ұлтарағынан қарап білуге болады;
-Ұлтарақ желіммен жабыспаған, алынатын болғаны жөн. Егер ұлтарақ желіммен жабыстырылған болса, ол аяқ киімнің сапасының нашар екенін көрсетеді;
-Ұлтарағы табиғи материалдан жасалған болуы тиіс. Немесе арнайы медициналық ұлтарақты бөлек сатып алуға болады.
-Аяқ киімді киместен бұрын, ұлтарағы жиырылып қалған жоқ па, бәтеңкенің ішіне басқа нәрселер түсіп кеткен жоқ па, соны тексеріп алған жөн. Осы шараларды ұдайы орындау арқылы диабеттік табанның алдын алуға болады.
Қант диабетімен ауыратын науқас аяқ киімді жалаң аяққа кимеуі және жалаң аяқ жүрмеуі тиіс. Өзен-көлдерге демалуға барған кезде, суға түсіп шыққаннан кейін арнайы жағажай тәпішкесін киіп алу керек.
Орманда серуендеу үшін ұшы қатты, жабық аяқ киімді кию қажет.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет