Артқы бөлік гипоталамуста өндірілген гормондар сақталатын резервуар қызметін атқарады Вазопрессин(АДГ)- бүйрек каналдарынан судың кері сіңірілуін күшейтеді, АД жоғарылайды (қантты емес диабет)
Окситоцин біріңғай салалы бұлшықеттерге әсер етеді, босану кезінде жатыр жиырылуын ынталандырады.
Гипофиз - бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын ойығында орналасқан, салмағы туылғанда 10-15 мг, 10 жаста – 30 мг, ересектерде – 60 мг. Гипофиздің гипоталамуспен тығыз байланысы бар, араларын 100 мыңдай жүйке талшықтары байланыстырады. 3 бөліктен тұрады: алдыңғы және ортаңғы (аденогипофиз) және артқы (нейрогипофиз). Аденогипофизде 22 гормон түзіледі, ішіндегі аса маңыздылары: соматотропин (СТГ), адренокортикотропин (АКТГ) - бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондарының синтезделуіне әсер етеді; тиреотропин (ТТГ) - қалқанша безінің қызметіне әсер етеді және гонадотропиндер (лютеиндеуші, лютеотроптық, фолликустимулдеуші) - бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың синтезделуіне әсер етеді; ортаңғы бөлігінде – меланотропин (МТГ) - терінің түсін, терідегі пигментті клеткаларға әсер ету арқылы реттейді. Нейрогипофиздің гормондары: 1. Вазопрессин (антидиурездік гормон - АДГ) – су мен минералдық заттардың алмасуына әсер етеді, қанның артериялық қысымын жоғарылатады. Қанда АДГ мөлшері азайғанда қант диабеті ауруы пайда болып, тәулігіне 10-20 литрге шейін зәр бөлінеді. 2. Окситоцин әйелдің жатырының жиырылуын қамтамасыз етіп, босанғанда баланың сыртқа итерілуіне әсер етеді.