Эндокринная система Мультимедийное сопровождение лекции по курсу «Анатомия и физиология человека»



бет3/9
Дата31.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#46505
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
адам және жануарлар физ. 9 тапсырма

Гипофиздің үш бөлігін ажыратады:

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының қызметі:

  • Соматотропты(СТГ)өсу гормоны
  • Жас ағзада гиперфункциясы дамитын болса алыптық дамуы мүмкін, қарт кісілерде - акромегалия
  • Гипофункция кезінде –ергежейлік.
  • Пролактин – лактогенді гормон, маммотропин сүт бездері тіндерінің өсуіне және сүттің пайда болуына жауапты.
  • Тиреотропин(ТТГ) –қалқанша безі қызметін ынталандырады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің тропты гормондарының қызметі:

  • Адренокортикотропты (АКТГ) ,
  • Кортикотропин – бүйрек үсті безінің қыртысты қабатынан глюкокортикоидтардың өндірілуін ынталандырады.
  • Гонадотропты гормон- жыныс гормондарына әсер етеді,фолликулдардың өсуін ынталандырады, сперматогенез, сары дененің дамуы және андрогендер өндірілуі.

Гипофиздің гормондары:

  • Ортаңғы бөлік
  • Меланоцитынталандырушы гормон (интермедин) пигментті алмасуға әсер етеді (терінің депигментациясы)
  • Липотропин май алмасуын реттейді
  • Артқы бөлік гипоталамуста өндірілген гормондар сақталатын резервуар қызметін атқарады Вазопрессин(АДГ)- бүйрек каналдарынан судың кері сіңірілуін күшейтеді, АД жоғарылайды (қантты емес диабет)
  • Окситоцин біріңғай салалы бұлшықеттерге әсер етеді, босану кезінде жатыр жиырылуын ынталандырады.

Ергежейлік және алыптық

  • Гипофиз - бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын ойығында орналасқан, салмағы туылғанда 10-15 мг, 10 жаста – 30 мг, ересектерде – 60 мг. Гипофиздің гипоталамуспен тығыз байланысы бар, араларын 100 мыңдай жүйке талшықтары байланыстырады. 3 бөліктен тұрады: алдыңғы және ортаңғы (аденогипофиз) және артқы (нейрогипофиз). Аденогипофизде 22 гормон түзіледі, ішіндегі аса маңыздылары: соматотропин (СТГ), адренокортикотропин (АКТГ) - бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондарының синтезделуіне әсер етеді; тиреотропин (ТТГ) - қалқанша безінің қызметіне әсер етеді және гонадотропиндер (лютеиндеуші, лютеотроптық, фолликустимулдеуші) - бала емізетін әйелдің сүтінің пайда болуын реттейді, жыныс бездерінде гормондардың синтезделуіне әсер етеді; ортаңғы бөлігінде – меланотропин (МТГ) - терінің түсін, терідегі пигментті клеткаларға әсер ету арқылы реттейді. Нейрогипофиздің гормондары: 1. Вазопрессин (антидиурездік гормон - АДГ) – су мен минералдық заттардың алмасуына әсер етеді, қанның артериялық қысымын жоғарылатады. Қанда АДГ мөлшері азайғанда қант диабеті ауруы пайда болып, тәулігіне 10-20 литрге шейін зәр бөлінеді. 2. Окситоцин әйелдің жатырының жиырылуын қамтамасыз етіп, босанғанда баланың сыртқа итерілуіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет