Эндокринология



бет20/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Краниофарингиома — Ратке қалтасының (аденогипофиздің жапырақшасы болып табылатын ұрық жұтқыншағының артқы қабырғасындағы эпителиальды төмпек) қалдықтарынан дамитын гипоталамус ісігі. Ісіктің дамуы Ратке қалтасы жасушаларының эмбриональды дифференцировкасының бұзылысымен байланысты. Ісік гипоталамуста, ІІІ қарыншада, түрік ершігінде орналасады және жиі кистозды құрылымға ие. Краниофарингиомалар гормональды белсенді емес, сондықтан клиникалық көріністерінің негізінде бас миы құрылымдарын механикалық жаншуы жатыр.
Гипоталамус аймағының ісіктерінің ішінде краниофарингиомадан басқа, глиомалар, гемангиомалар, дисгерминомалар, гамартомалар, ганглионевриномалар, эпендимомалар, медуллобластомалар, липомалар, нейробластомалар, лимфомалар, плазмоцитомалар, коллоидты және дермоидты кисталар, саркомалар кездеседі. Гипоталамус шашыраған спецификалық немесе бейспецификалық инфекциялық үрдістер кезінде, сонымен қатар жүйелік аурулардың диссеминациясы кезінде патологиялық үрдіске ұшырауы мүмкін.


Патогенезі
Гипоталамус-гипофизарлы аймақтың ГГБЕА және инфильтративты патологиясының патогенезі деструктивті үрдістің таралуы мен жылдамдығына, науқастың жасына байланысты. Ісіктің өсуі және гипоталамус-гипофиз құрылымдарының деструкциясы нәтижесінде саны жағынан әр науқаста ауытқитын бірнеше типті синдромдар дамиды.

  • Аденогипофизарлы жеткіліксіздік (2.6 бөлімді қараңыз) айқындылығы қандай да бір қызметтің жоғалуынан (өсу гормонының немесе гонадотропиндердің тапшылығы) тіпті пангипопитуитаризмге дейін ауытқуы мүмкін.

  • Қантсыз диабет (2.7 бөлімді қараңыз). Гипофиз аяқшасының төменгі жағы зақымданса вазопрессин секрециясы ортаңғы төмпешік аксоны арқылы сақталады, нәтижесінде қантсыз диабет дамымайды. Гипоталамус аймағында дамыған деструктивті үрдіс кезінде және гипофиз аяқшасының жоғары зақымдануында вазопрессин өндірілуі төмендейді.

  • Гиперпролактинемия (2.4 бөлімді қараңыз). ГГБЕА кезінде түрлі айқындылықта дамитын жиі кездесетін гормональды феномен- гиперпролактинемия. Гиперпролактинемия себебі, инфильтративті үрдісте немесе ісіктерде гипофиз аяқшасының жаншылып қалуына байланысты пролактин синтезін тежейтін дофаминнің келіп түспеуі болып табылады. Гиперпролактинемиямен бірге гипофиз аяқшасының толық жаншылуы немесе деструкциясы басқа да аденогипофиз гормондарының (ЛГ, ФСГ, ГР, ТТГ, АКТГ) тапшылығын тудырады. Аталған феномен «оқшауланған гипофиз синдромы» деген атпен де белгілі.

  • Хиазмалық синдром (битемпоральды гемианопсия) гипофиздің үлкен аденомасының көру жүйкесінің қиылысын жаншуымен сипатталады (2.5 сурет).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет