Эндокринология



бет285/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

11.1 сурет. Жүйкелік анорексиямен сырқаттанған науқастың сырт келбеті


Диагностикасы
DSM-IV психикалық аурулар жіктемесіне сәйкес, ЖА диагнозының критерийлері:
1.Салмағының төмендеуіне қарамастан, дене салмағын қосу жөніндегі ой туралы үрейлі қорқыныш.
2.Жағдайының ауырлауына қарамастан, сырт-әлпеті жөніндегі уайым-қайғы.
3. Өз жасы мен бойына сай минимальды қалыпты деңгейден дене массасын сақтаудан бас тарту.
4. Аменорея.
Жүйкелік булемияның дигностикалық критерийлері:
— артық тағам қабылдау эпизодтарының жиілеуі (шектелген уақыт аралығында көп мөлшерде тамақ қабылдау, кем дегенде аптасына 2 рет 3 ай көлемінде).
— жоғары калориялы, тез сіңірілетін тағамдарды ұстама «ашқарақтық» кезінде қабылдау (кейде қабылдаған тағамның энергетикалық құныдылы 5000 ккал жоғары болады).
— ұстама кезінде байқамай көп жеп қою (тағам қабылдау реттілігін бақылай алмау).
ЖА-ға тән гормон метаболизмі мен тасымалдаушы ақуыздардың бұзылуымен сипатталатын гормональды ауытқуларға жатады:
— тестостерон мен кортизол деңгейінің жоғарылауы;
— эстралдиол деңгейінің төмендеуі;
— АКТГ мен Т3 деңгейінің төмендеуі («төмен Т3 синдромы»).


Салыстырмалы диагностикасы

  1. Ең бірінші гормональды зерттеу нәтижелеріне емес, ЖА-ның клиникалық көріністеріне негізделеді, себебі барлық гормондардың ауытқулары дамиды.

  2. Эндокринді аурулар: гипофизарлы жеткіліксіздік (2.6 б), бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі. ЖА кезінде гипопитуитаризмнен айырмашылығы әрқашан қасағалық түктену сақталады, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі (4.5 б), ауыр тиреотоксикоз (3.4 б).

  3. Анық жүдеуге әкелетін ауыр соматикалық аурулар: туберкулез, қатерлі ісіктер, мальабсорбция және т.б.

  4. Психикалық аурулар (анорексиялық синдроммен шизофрения және ауыр депрессия т.б.).



Емі
- Негізгі емді психиатр жүргізеді.
- Кахексия жағдайынан жасөспірім қызды шығару үшін науқасты отбасынан бөлек стационарға жатқызады. Тамақтану тәртібі реттеледі, жақсы нәтижеге энтеральды тамақтандыру арқылы қол жеткізуге болады.


Болжамы
Өлім-жітім көрсеткіші 5–10%. Өлім себептеріне ішек инфекциялары, сепсис, ішек некрозы, терапия асқынулары, депрессия көрінісіндегі суицидиальды әркеттер әкеледі. 5–6 жыл көлемінде сырқат науқастардың 40–60%-да сақталады. Сауығу жиі 6-12 жыл аралығында көрініс береді. Тек науқастардың 65% ғана толық айығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет