Эндокринология



бет218/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Эпидемиологиясы
Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда соқырлықтың даму қаупі жалпы популяциямен салыстырғанда 10–20 есе жоғары. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады.


Клиникалық көрінісі
Жалпылай қабылданған жіктемеге сай ДР-ның 3 сатысын ажыратады (7.18 кесте).


Диагностикасы
Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет.


7.18 кесте. Диабеттік ретинопатияның жіктемесі



ДР сатылары

Тән өзгерістер

Пролиферативті емес

Торлы қабықтағы микроаневризмалар, қан құйылулар, ісіну, экссудативті ошақтар. Қан құйылулар үлкен емес нүкте, штрихтар немесе дөңгелек формалы дақтар түрінде көз түбі ортасында немесе торлы қабықтың терең қабаттарында ірі көктамырлар бойында орналасады. Қатты және жұмсақ экссудаттар көз түбінің орталығында орналасып, сарғыш немесе ақшыл түске ие болады. Бұл сатының басты элементі макулярлы аймақта және ірі қантамырлар бойында орналасатын торлы қабықтың ісінуі болып табылады
(7.11 а сурет)



Препролиферативті

Көктамырлық аномалиялар: тәспі тәрізді, иректелген, екі еселенген және көлемі өзгерген қантамырлар. Көп мөлшерде қатты және «мақталы» экссудаттар. Интраретинальді микроқантамырлық аномалиялар, көптеген ірі ретинальді геморрагиялар (қан құйылулар) (сурет 7.11 б)

Пролиферативті

Көру жүйкесі дискісінің және торлы қабықтың басқа бөлімдерінің неоваскуляризациясы, шыны тәрізді денеге қан құйылу, преретинальді қан құйылу аймақтарында фиброзды тіннің түзілуі. Жаңа түзілген қантамырлар өте жіңішке және нәзік, сондықтан жиі қан құйылулар дамиды. Витреоретинальді тракциялар торлы қабықтың сыдырылуына әкеледі. Нұрлы қабықта дамыған жаңа қантамырлар (рубеоз) жиі екіншілік глаукоманың дамуына себеп болады (7.11 в сурет)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет