Эндокринология



бет69/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Эпидемиологиясы
ЭОП Грейвс ауруымен сырқаттанған науқастардың 50–75%-да дамиды. Түрлі дәрежедегі ЭОП және ретробульбарлы тіндердегі минимальды өзгерістерді анықтайтын арнайы әдістердің көмегімен (МРТ) ГА көрініс берген науқастардың барлығында дерлік дамуы мүмкін. Кей мәліметтер бойынша ЭОП дамыған жаңа жағдайлар жиілігі жылына әйелдер үшін 100 000 халыққа 16 жағдай, ал ер адамдар үшін 2,9:100 000.



3.16 сурет. Эндокринді офтальмопатиямен (а, б, в) сырқаттанған науқастар


Клиникалық көріністері
ЭОП кезінде бірнеше симптомдар топтамасы көрініс беруі мүмкін. Тиреотоксикоздың көздік симптомдары төмендегі 3.7 кестеде көрсетілген және ол ЭОП-ның көріністері болып табылмайтынын айта кеткен жөн, бұл симптомдар кез келген генезді тиреотоксикозда дамиды. Олардың патогенезі көз алмасының вегетативті иннервациясының бұзылуымен байланысты. Бұл симтомдарға бұрын ҚБ қызметін тура бағалауда гормональды зерттеу жүргізу қиындықтар тудырғанда маңыздылыққа ие болған. Уақыт өте, көптеген көздік симптомдардың, мысалы көз жұмғанда дамитын қабақтың треморы тиреотоксикоз дамымаған сау адамдарда да кездесетіні анықталды.


3.7 кесте. Тиреотоксикоздың көздік симптомдары



Симптомдар

Көріністері

Грефе

Төмен қарағанда нұрлы қабықтың жоғарғы қабақтан қалыңқырауы.

Дальримпль

Көз саңылауының кең ашылуы

Штельваг

Сирек көзді қағу.

Мебиус

Жақын қашықтықта көзқарасты бекіте алмау (конвергенция әлсіздігі).

Кохер

Көзқарасты тез ауыстырғада дамитын жоғарғы қабақтың ретракциясы.



3.8 кесте. Эндокринді офтальмопатияның жіктемесі NOSPECS





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет