Эндокринология



бет105/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Клиникалық көрінісі
Тиреотоксикоз синдромы мен оның асқынуларымен анықталады. Жалпы алғанда симптоматикасы Грейвс ауруымен ұқсас. Басты ерекшелігі эндокринді офтальмопатияның болмауы, сонымен егде жастағыларда олиго- немесе моносимптомды ағымда өтуі болып табылады. Науқастардың басым көпшілігі бұрын қызметі бұзылмаған ҚБ-інде түйінді түзілістердің болғанын айтады. Алдынғы орынға тәбеттің төмендеуі, арықтау, бұлшықет әлсіздігі, субфебрилитет секілді симптомдар шығады. Кейде ФА жүрек ырғағының бұзылуымен басталады, бұл патогенетикалық тұрғыда онжылдар бойы субклиникалық түрде өткен тиретоксикозға байланысты болса керек.


Диагностикасы
Гормональды зерттеу нәтижесінде субклиникалық немесе манифесті тиреотоксикоз, ҚБ УДЗ-сі жиі көптүйінді, сирек түйінді жемсау анықталады. ҚБ сцинтиграфиясы нәтижесі бойынша функциональды автономияның үш түрін ажыратуға болады: унифокальды (түйінді уытты жемсау; 3.9 в сурет), мультифокальды (көптүйінді уытты жемсау; 3.30 а сурет) және диссеминирленген (3.30 б сурет).
Бірінші және екінші варианты «ыстық» түйіндердің санымен ерекшеленеді. Соңғысы, салыстырмалы сирек дамиды, ҚБ-де клиникалық маңызды түйіндер анықталмайды, гипераккумуляция аймағы 99mTc УДЗ-мен анықталған түйінді түзілістерге сай келмейді. ФА-ның бұл түрін Грейвс ауруымен салыстырмалы диагностикалау өте қиын.



3.30 сурет. Функциональды автономия кезіндегі ҚБ сцинтиграфиясы: а) мультифокальды автономия (көптүйінді уытты жемсау); б) диссеминирленген автономия


Салыстырмалы диагностикасы
Жиі ФА мен Грейвс (ГА) ауруымен салыстырмалы даигностика жүргізіледі, себебі деструктивті тиреотоксикозбен көрініс беретін сырқаттарды ҚБ сцинтиграфиясы мәліметтері бойынша тез ажыратуға болады. ФА мен ГА-ның салыстырмалы диагностикасының қағидалары төмендегі 3.28 кестеде көрсетілген.


3.28 кесте. Қалқанша бездің функциональды автономиясы мен Грейвс ауруының салыстырмалы диагностикасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет