ЖГБА деңгейінің жоғарылауы
бет 166/285 Дата 30.08.2023 өлшемі 17,53 Mb. #105688 түрі Оқулық
ЖГБА деңгейінің жоғ арылауы
ЖГБА деңгейінің төмендеуі
Андрогендер тапшылығы
Өсу гормонының тапшылығы
Гиперинсулинемия
Семіздік
Егде жас
Тиреотоксикоз
Гиперэстрогения
Бауыр циррозы
Акромегалия
Андрогендермен терапия
Гипотиреоз
Кушинг синдромы , глюкокортикоидтармен терапия
Нефротикалық синдром
Еркектік бедеулікті анықтау мақсатында мастурбация арқылы алынатын шәует (эякулят) зерттелінеді. Шәует анализі 2-күннен кем және 7-күннен аспаған жыныстық қатынастан тартынудан кейін ғана зерттеледі (6.2 кесте).
6.2 кесте. Спермограмманың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштері
Көрсеткіштері
Мәні
Көлемі
2 мл немесе одан көп
Сперматозоидтар концентрациясы
20 млн/мл немесе одан да артық
Белсенді қозғалатын сперматозоидтар
> 25 %
Баяу қозғалатын сперматозоидтар
> 25 %
Қозғалысы нашар сперматозоидтар
2 %
Тірі сперматозоидтар
50 % және одан да көп
Лейкоциттер
1 млн/мл
Қалыпты сперматозоидтар
> 50 %
Басының қалыпты морфологиясы тән
> 30 %
Спермограмма өзгерістерінің төмендегідей түрлерін ажыратуға болады:
•олигоспермия — 2 мл-ден шәует көлемінің азаюы;
•олигозооспермия — шәуетте сперматозоидтар санының азаюы ;
•азооспермия — шәуетте сперматозоидтардың болмауы;
•астенозооспермия —сперматозоидтар қозғалғыштығының төмендеуі;
•тератозооспермия — шәуетте 50 %-дан астам патологиялық сперматозоидтардың болуы ;
•некрозооспермия — шәуетте 50%-дан астам өлі сперматозоидтардың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: