Сурет 2.3. Гипофиз макроаденомасы кезіндегі бассүйек рентгенограммасы
Сурет 2.4. Гипоталамус-гипофиз аймағының магнитті-резонансты томографиясы
а — қалыпты жағдайда (сагиттальды проекция);
б — гипофиз макроаденомасы (сагиттальды проекция)
Контрасты заттарды қолдану МРТ-ның диагностикалық мүмкіндіктерін арттырады. МРТ-ның негізгі артықшылығы- сәулелік жүктеменің болмауы, яғни науқасты бірнеше рет динамикалық бақылау мүмкіндігінің болуында.
2.3. ГИПОТАЛАМУС-ГИПОФИЗ АЙМАҒЫНЫҢ ГОРМОНАЛЬДЫ-БЕЛСЕНДІ ЕМЕС КӨЛЕМДІ ТҮЗІЛІСТЕРІ МЕН ИНФИЛЬТРАТИВТІ ҮРДІСТЕРІ
Гипоталамус-гипофиз аймағының патологиялық өзгерістерінің бұл тобына гормональды-белсенді емес аденомалар, краниофарингиомалар, сирек гистиоцитоз Х, саркоидоз секілді инфильтративті аурулар, сонымен қатар киста, гемангиома, ганглионевринома, гамартома және т.б. секілді көлемді түзілістер жатады.
Гипофиздің гормональды-белсенді емес аденомалары (ГГБЕА) гипофизарлы гормон гиперсекрециясының клиникалық көріністерінсіз дамитын гипофиз аденомасы. Этиологиялары бойынша ерекшеленетін бұл үрдістердің барлығын ұқсас клиникалық көріністер мен синдромдардың болуы біріктіреді (кесте 2.2).
Этиологиясы
Қазіргі таңда ГГБЕА және басқа да гипофиз аденомаларының дамуын моноклональды соматикалық мутациялармен байланыстырады. Жасушалық трасформацияның ицициациясына әкелетін түрткілер ретінде гипоталамус гормондары мен нейротрасмиттердің әсерін қарастыруға болады. Өздерін клиникалық қандай да бір гормонды артық өндірмесе де көптеген ГГБЕА шындығында гликопротеидті гормондар бөлуі мүмкін, бұған алып тасталған ісікті иммуногистохимиялық зерттеу барысында көз жеткізуге болады (гонадотропиндер, гликопротеидті гормондардың α-субъбірлігі). ГГБЕА өсуі баяу, тіпті микроаденома сатысынан әрі аспайтын немесе қарқынды тез гипофизарлы жетіспеушілік пен неврологиялық симптоматиканың дамуына әкелетін жағдайға дейін ауытқиды.
Достарыңызбен бөлісу: |