Эндокринология


Аспаптық зерттеу әдістері



бет17/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

2.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері

Гипоталамус-гипофиз аймағын визуализациялау мақсатында қолданылатын аспаптық әдістерге рентгенокраниография, компьютерлі томография (КТ) және магнитті-резонансты томография (МРТ) жатады. Қосымша зерттеу әдістеріне көру алаңдарын анықтау (периметрия) жатады, бұл зерттеу әдісі гипофиздің макроаденомасымен сырқаттанған науқастарға, сонымен қатар көру қызметі бұзылып, жабыспалармен асқынған нейрохирургиялық араласудан кейінгі науқастарға тағайындалады.


Гипофиздің интраселлярлы ісіктерінің рентгендиагностикасы түрік ершігінің өлшемдерін анықтауға негізделеді. Қалыпты жағдайда түрік ершігінің өлшемдері тең: сагиттальды — 12–15 мм, вертикальды— 8–9 мм (2.2 сурет).




Сурет 2.2.
Клиновидная пазуха- Сына тәрізді қуыс
Гипофизарная ямка-Гипофиз шұңқыры
Спинка седла- Ершік жотасы
Задневерхняя стенка носовой полости- Мұрын қуысының артқы жоғарғы қабырғасы
Бугорок седла- Ершік төмпешігі
Глазодвигательный нерв- Көз қимылдатқыш нерв
Задний наклонный отросток- Артқы еңкейген өсінді
Передний наклонный отросток- Алдыңғы еңкейген өсінді
Зрительный перекрест- Көру қиылысы




2.2 сурет. Рентгенкраниография:
а — түрік ершігінің рентгенографиялық бағдарлары;
б — қалыпты жағдайдағы түрік ершігінің рентгенограммасы

Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерінің үлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді сүйек өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне, ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды (2.3 сурет). Түрік ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай өзгерістер анықталмайды.


Гипофизді визуализациялаудың аса қымбат емес және ақпаратты әдістерінің бірі - КТ. Дегенмен, КТ қолдануына кескіннің жазықты сипаты, сүйектік құрылымдардан тарайтын кедергілер, рентгенологиялық тығыздығы цереброспинальды сұйықтыққа немесе қалыпты ми тініне жақын шағын патологиялық түзілістерді ажырату кезіндегі қиындықтар кедергі келтіреді.
Гипофиз бен гипоталамусты визуализациялау әдісі ретінде, сонымен қатар гипоталамус-гипофизарлы аймақтағы түзілістердің топикалық диагностикасы мақсатында МРТ қолданылады (2.4сурет). МРТ гипофизде дамыған азғантай өзгерістердің өзін, ісіктердің, кисталардың, қан құйылулардың кистозды компоненттерін анықтауға мүмкіндік береді. МРТ-да сүйек тіндері мен түрлі тұздардың шөгуі анықталмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет