2.2. ГИПОТАЛАМУС-ГИПОФИЗ ПАТОЛОГИЯСЫМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.2.1. Физикалық зерттеу әдістері
Гипоталамус-гипофиз патологиясының клиникалық көрінісі өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді, сондықтан бұл патологиямен сырқаттанған науқастарға арнайы физикалық зерттеу әдістері қолданылмайды. Соған қарамастан, диагноз қою үшін клиникалық көрініс жөніндегі мәліметтердің маңызы зор.
2.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері
Гипофизарлы гормондар өндірілуінің бұзылыстарын диагностикалау мақсатында жиі гормондардың базальды деңгейін анықтайды, сирек жағдайда функционалдық сынақтар қолданылады (2.1 кесте). Қазіргі таңда гипоталамус гормондарының деңгейін зерттеудің ешқандай клиникалық маңызы жоқ.
2.1 кесте. Гипоталамус-гипофиз ауруларының зертханалық диагностикасы
Гормон
|
Өнімділігін бағалау
|
Тапшылық
|
Артық бөліну
|
ӨГ
|
Инсулинді гипогликемиямен сынама. Таңертең ашқарынға глюкозаның, ӨГ және кортизолдың базальды деңгейі бағаланады. Көктамырға қысқа әсерлі инсулин енгізіледі (0,1–0,2 БР/кг). Гликемияның даму көрінісінде (< 2,2 ммоль/л) қалыпты жағдайда ӨГ мөлшері 5 мкг/л, кортизол – 500 нмоль/л жоғары болады
|
ИТФ-1* деңгейін анықтау ӨГ-нің базальды деңгейін анықтаумен салыстырғанда ақпаратты. Оральды глюкозатолерантты сынама (ОГТС): таңертең ашқарынға 75 г глюкоза беріледі, ӨГ мөлшері 30-минуттық интервалмен 150 минут бойы бағаланады, қалыпты жағдайда ол 0,5 мкг/аса төмендейді
|
ТТГ
|
ТТГ мен Т4 гормондарының базальды деңгейлерінің бірдей төмендеуі
|
Казуистикалық сирек кездесетін патология (ТТГ↑,Т4↑)
|
ЛГ, ФСГ
|
ЛГ, ФСГ және жыныс гормондарының базальды деңгейлері төмендейді
|
Казуистикалық сирек кездесетін патология
|
АКТГ
|
Инсулинді гипогликемиямен сынақ (жоғарыға және 4 бөлімді қараңыз)
|
Үлкен және кіші дексаметазон сынақтары (4 бөлімді қараңыз)
|
Пролактин
|
Көп жағдайларда патологиялық маңызды емес
|
Пролактиннің базальды деңгейі жоғарылайды
|
*ИТФ-1 – инсулинтәрізді өсу факторы
Достарыңызбен бөлісу: |