Эндокринология



бет24/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Этиологиясы
ГГ этиологиялық жіктемесі 2.4 кесте көрсетілген. Ол жеке ауру немесе қандайда бір гипоталамус-гипофиз патологиясының нәтижесі немесе симптоматикалық сипатқа ие болуы мүмкін.
Бұрын ГГ-ның идиопатикалық түрлерін (аденома жоқ), микропролактинома және макропролактиноманы қарастыратын концепция болатын, ол бойынша гипоталамустың пролактин секрециясын тежейтін әсерінің болмауынан немесе төмендеуінен, алдымен пролактотрофтардың гиперплазиясы, кейіннен гипофиздің микро- және макроаденомалары қалыптасатын, яғни бір патологиялық үрдістің сатылары ретінде қабылданған.


2.4 кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизмнің этиологиясы



Жеке ауру

-Микропролактинома
-Макропролактинома
-Идиопатиялық ГГ



Басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі

- Соматопролактинома, соматотропинома, кортикотропинома
- «Бос» түрік ершігі синдромы
- Гормональды белсенді емес гипофиз аденомалары
- Супраселлярлы аймақтың көлемді түзілістері (краниофарингиома, глиома, эктопиялық пинеалома, менингиома және т.б.)
- Гипоталамус-гипофиз аймағындағы инфильтративті үрдістер (гистиоцитоз Х, саркаидоз, лимфоцитарлы гипофизит)



Симптоматикалық ГГ

  • Біріншілік гипотиреоз

  • Аналық без поликистозы

  • Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы

- Антидофаминомиметикалық белсенділікке ие медикаменттерді (метоклопрамид, нейролептиктер, антидепрессанттар, метилдофа, омепразол, зидовудин және т.б.), наркотиктерді қабылдау
- Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
- Гипофизден тыс пролактин өндірілуі



Қазіргі таңда соматикалық мутация әсерінен дамитын гипофиздің біріншілік зақымдануы (аденома) жөніндегі гипотеза кең таралуда, дегенмен, нақты мутация осы уақытқа дейін анықталмаған. Гипофиз аденомасы жоқ және пролактин деңгейін жоғарылататын басқа себептері белгісіз идиопатиялық ГГ этиологиясы әлі күнге дейін анықталмаған.


Гиперпролактинемия мен ГГ дамуының себептерінің басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі гипофиз және гипоталамус арасындағы өзара анатомиялық байланыстың бұзылуына әкеледі, нәтижесінде гипофиз аяқшасының жаншылуына байланысты пролактин өндірілуін тежейтін дофамин келіп түспейді. Бірқатар медикаменттерді қабылдаудан бастап, соматикалық және эндокринді аурулармен қоса, дофамин өндірілуінің төмендеуіне әкелетін кез-келген түрткілер, симптоматикалық ГГ және гиперпролактинемияның дамуына әкеледі.
Пролактин қан айналымда бірнеше молекулярлы түрде болады, молекулярлы массасы қалыптыдан (23 кДа) үлкен пролактин (макропролактин) биологиялық белсенді емес, тек пролактинге «пролактин-қарсыдене» кешені немесе пролактин димері, тетрамері ретінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет