Эндокринология



бет25/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Макропролактинемияға айқын симптоматика тән емес, емдеуді қажет етпейді және кездейсоқ анықталады (симптомсыз, биохимиялық гиперпролактинемия).


Патогенезі
ГГ патогенезінің негізінде гонадолибериннің циклдік бөлінуін тежейтін пролактин гиперсекрециясы жатыр, нәтижесінде ЛГ, ФСГ циклдік бөлінуінің төмендеуі, аналық бездердің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения дамиды.
Симптомдардың бірқатары пролактиннің экстрагенитальды әсерінен туындайды: көмірсулардың майға айналуының артуынан семіздік; бүйрек үсті безінде дегидроэпиандростерон өндірілуінің ынталануынан «жеңіл» гиперандрогения; гиперпролактинемия остеопения синдромының қалыптасуына әкеледі, яғни эстроген тапшылығының ауырлауынан D дәруменінің алмасуына әсер етеді. Пролактин лактацияны дамытады және либидоны төмендетеді. Гиперпролактинемия көрінісінде дамитын эстроген тапшылығы диспареуния мен семіздіктің дамуына жол ашады.


Эпидемиологиясы
Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы. Аутопсия зерттеулерінің мәліметтері бойынша мәйіттердің 10%-да микропролактинома анықталған. Микропролактинома макропролактиномамен салыстырғанда бірнеше рет жиі кездеседі, сонын ішінде әйел адамдарда басым. Ал макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте дамиды. Патологиялық және биохимиялық гиперпролактинемия халық арасында 1:500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды. Сырқаттанатын әйелдердің орташа жасы — 25–30 жас, ер адамдарда — 45–50 жас.


Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея, бедеулік).
ГГ жиі кездесетін сиптомдары:

  1. Менструальды циклдің бұзылуы: опсоолигоменореядан аменореяға дейін, жиі екіншілік.

  2. Бедеулік (біріншілік және екіншілік) ГГ кездесетін басты шағым, көптеген әйелдер үшін бедеулікті жою емнің басты мақсаты болып табылады. Гинекологиялық қарау барысында жатыр гипоплазиясы, «қарашық» белгісінің, шырыштың «тартылу» белгісінің болмауы мүмкін. Науқастарда пубертатты кезеңге дейін ауырса шүртекей, кіші жыныс еріндерінің гипоплазиясы анықталуы мүмкін.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет