Эндокринология



бет22/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Гиперпролактинемия. Әдетте симптомсыз өтеді, алайда кейбір көріністер (аменорея) пролактин өндірілуінің жоғарылауынан да, гипогонадотропты гипогонадизм кезінде де туындауы мүмкін.

  • Неврологиялық сиптоматика: хиазмалық синдром (ГБЕГА-ның 75% жағдайында — битемпоральды гемианопсия, 15 % жағдайда-квадрианопсия), бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы, бастың ауруы, лоқсу, құсу болуы мүмкін.

    Диагностикасы
    Аталған сипмтоматикалар көрініс берген науқастарға гипофиз МРТ-сі жасалады. Әдетте ГГБЕА диагнозын қою сәтіне дейін көлемі айқын аденома және нейроофтальмологиялық көріністер болады. Кранофарингиоманың 80%-да ісікте рентгенографияда кальцинаттар анықталады. Гормональды зерттеу кезінде гипофиздің тропты гормондарының белгілі дәрежеде тапшылығы (2.1 кестені қараңыз), гиперпролактинемия (жеңіл немесе орташа) анықталады.


    Салыстырмалы диагностикасы
    Гиперпролактинемия кезінде ГГБЕА-сы мен пролактиноманың салыстырмалы диагностикасын жүргізген маңызды, себебі ол соңғы жағдайда науқасқа тек дофаминомиметиктермен консервативті ем ғана тағайындалады. Ісіктің тез өсуі және пролактиннің аздап жоғарылауы (200мкг/л дейін) гормональды-белсенді емес аденомаға тән. ГГБЕА маркері ретінде хромограниндер мен секретограниндер, сонымен қатар β-АХГ дәрежесін зерттеу тағайындалады.
    Краниофарингиоманы жыныстық және физикалық дамудың тежелуімен сипатталатын аурулармен, гипопитуитаризммен, гипофиз бен бас миының ісіктерімен салыстырмалы диагностикалау қажет. Гипоталамус-гипофиз аймағының ісіктерін жиі жүйелік және генетикалық зақымданулармен салыстырмалы диагностикалауға тура келеді.


    Емі
    Хирургиялық ем (ісікті алып тастау) ГГБЕА-ның супраселлярлы орналасқан макроаденомасы кезінде, сонымен бірге неврологиялық симптоматика (хиазмалық синдром) және гипофизарлы жеткіліксіздік көрініс бергенде тағайындалады, басым көпшілігінде транссфеноидальды әдіс қолданылады. Кранифаригиомалардың басым көпшілігінде хирургиялық ем тағайындалады. ГГБЕА және кранифарингиомалардың көбі радиорезистентті. Парциальды және тотальды гипопитуитаризм кезінде орынбасушы гормонтерапия көрсетіледі (2.6 бөлімді қараңыз). Кездейсоқ анықталған ГГБЕА (инциденталома) және гормональды белсенділіктің жоқтығын дәлелдейтін мәліметтердің болғанда динамикалық бақылау жүргізіледі: көлемі 1см-ден кем түзілістерге бақылау МРТ 1,2 және 5 жылдан кейін, көлемі 1 см-ден артық түзілістерге — алғашында 6 айдан кейін, кейін 1, 2 және 5 жылдан соң жүргізіледі.


    Болжамы
    Үлкен көлемдегі ГГБЕА және краниофарингиомаларға жасалынған операциялардан кейін көп жағдайда науқастың көру қызметі жиі қалпына келеді. Ал операциядан кейін аденогипофиз қызметінің толық қалпына келуі тек 10% жағдайда кездеседі, соған байланысты науқастардың көпшілігі операциядан кейін орынбасушы гормондық терапияны қабылдайды. Краниофарингиомаларға біріншілік ісікті алып тастағаннан кейін рецидивтің дамуы тән. Кездейсоқ анықталған гормональды белсенді емесе микроаденомалардың (инциденталома) басым бөлігі ісік өлшемінің тұрақты болуымен және өте баяу өсумен сипатталады, нәтижесінде гипофизарлы жеткіліксіздік, гиперпролактинемия немесе неврологиялық симптоматика сирек дамиды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   285




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет